Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы бойынша жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін 2009 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Ахметжано
КЕЛІСІЛДІ