Мүгедектер үшін 2009 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда № 9-18-79 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы бойынша жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін 2009 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               А. Ахметжано

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады