Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.05.19 № 143 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес және Таран аудандық мәслихатқа үміткер депутаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін Тобыл кентінде мына орындар анықталсын: "Тобыл локомотив сервистік орталығы "Локомотив сервистік орталығы" акционерлік қоғамы филиалының әкімшілік ғимараты және өндірістік үй – жайы (келісім бойынша), "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" "Тобыл жол дистанциясы" акционерлік қоғамы филиалының әкімшілік ғимараты (келісім бойынша).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы К. Ещанов
Таран аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Л. Пастушенко