Аудандық мәслихатқа үміткер депутаттар үшін үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 44 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 9-18-84 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.05.19 № 143 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес және Таран аудандық мәслихатқа үміткер депутаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін Тобыл кентінде мына орындар анықталсын: "Тобыл локомотив сервистік орталығы "Локомотив сервистік орталығы" акционерлік қоғамы филиалының әкімшілік ғимараты және өндірістік үй – жайы (келісім бойынша), "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" "Тобыл жол дистанциясы" акционерлік қоғамы филиалының әкімшілік ғимараты (келісім бойынша).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          К. Ещанов

      Таран аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                 Л. Пастушенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады