Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы N 31, 2009 жылғы 17 наурыздағы N 32 "Сарыарқа самалы" газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы N 10 "Версия" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Біржолғы әлеуметтік көмек" 3 тарауда:
18-тармақтың 4)-тармақшасында "16 жасқа дейін" сөздері "18 жасқа дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
20-тармақтың 13)-тармақшасында "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға, сыйлықтар жинағына 3000 (үш мың) теңге, алушылардың жеке шотына" сөздері "ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға арналған сыйлықтар жинағына бағасы 3000 (үш мың) теңгеден жоғары емес" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов