Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011.07.15 N 1619/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің:
2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 424/10 (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-110 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2008 жылғы 17 маусымдағы N 66, "Версия" газетінде 2008 жылғы 16 маусымдағы N 24 жарияланған);
2008 жылғы 27 мамырдағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 641/13 (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-117 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2008 жылғы 30 тамыздағы N 97, "Версия" газетінде 2008 жылғы 7 шілдедегі N 27 жарияланған);
2008 жылғы 31 шілдедегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 949/18 (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 12-1-125 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2008 жылғы 9 қыркүйектегі N 100, "Версия" газетінде 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 36 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қапеновке жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов
Павлодар қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
N 130/2 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Павлодар қаласының аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру және тағайындауды талдап тексереді.
2. Әлеуметтік көмек көрсету:
1) әлеуметтік төлемдер (жерлеуге арналған жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік көмек, жеке меншік секторында тұратын азаматтарға қатты отын сатып алуға қаражат ұсыну, аз қамтамасыз етілген отбасыларының және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарында оқуды төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі - оқуын төлеу үшін Әлеуметтік көмек);
2) әлеуметтік қызмет (Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын іске асыру шегінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек, қозғалуда қиындығы бар мүгедек балаларды және тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші топ мүгедектерін автокөлікпен тасымалдау, арнайы автокөлікпен арбалы – мүгедектерді көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру, мүгедектердің арбаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, мұқтаж азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, естімейтін және нашар еститін жас азаматтарға көмек көрсету, туберкулезге қарсы диспансерде амбулаториялық емделуде жүрген туберкулезбен ауыратындарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, 3, 4 сатылы онкологиялық аурумен ауыратындарға көмек, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қызмет көрсету);
3) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) жолдамасы бойынша біліктілігін арттыруды, қайта даярлауға, кәсіби оқуын өткен кезде жұмыссыздарға материалдық көмек ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік төлемдер осы Нұсқаулықта көрсетілгендей көмектің (жәрдемақы) басқа түрлерін алудан тәуелсіз тағайындалады және төленеді және күнтізбелік жыл бойы біржолғы ақшалай түрінде ұсынылады (арнаулы мемлекеттік көмек алмайтын, облыс алдында беделді еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына (бұдан әрі - ҰОС) дәрі-дәрмек сатып алуға; Павлодар қаласының құрметті азаматтарына; ядролық қарулар сынағы кезінде, зілзала радиацияның себебінен 1 топ мүгедегі болған тұлғаларға дәрі-дәрмек сатып алу үшін; коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету; жоғары оқу орындарында оқуды төлеу үшін материалдық көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге өмір сүрулеріне, тамақтануларына және тұрақты жеріне жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету).
4. Қаржыландыру көзі – қалалық бюджет.
5. Әлеуметтік төлем алуға үміткер тұлғаның (бұдан әрі - Өтініш беруші) отбасы жиынтық табысы осы Нұсқаулықтың 8 – бөліміне сәйкес есептеледі.
6. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы Өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімдерімен жүзеге асырылады.
7. Өтініш беруші жазбаша өтініш береді және белгіленген тізбеге сәйкес Бөлімге қажетті құжаттарды тапсырады. Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кейін берілген өтініштер бойынша төлем келесі қаржылық жылда төленеді.
8. Өтініш берушіге осы және өзге де әлеуметтік көмекті алу құқығына қатысты барлық өзгерістер жөнінде Бөлімге тапсырған күннен бастап 15 күннен аспауы керектігін хабарлауға қажет.
9. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге толық және дұрыс мәліметтерді беруге қажет.
10. Отбасының құрамы жиынтық табыс анықталған кезеңге есептеледі.
11. Отбасының құрамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталатын ұзақ уақыт болмаған адамдар қосылмайды.
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім өтініш берушінің жазбаша өтініші және мәліметтер базасына сәйкес жүргізілетін төлемдер жөніндегі тармақтарынан басқа немесе "Павлодар қаласының үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік (бұдан әрі - ЗТМО) орталықтың тізімінсіз осы Нұсқаулыққа сәйкес оған қоса берілген кұжаттары негізінде Бөліммен қабылданады.
13. Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен.
2. Жерлеуге арналған жәрдемақы
14. Жерлеуге арналған жәрдемақы табысына және отбасы кұрамына қарамастан, азаматтардың мынадай санаттарына тағайыдалады (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа):
1) қайтыс болары алдында жұмыс істегендер;
2) қайтыс болары алдында Бөлімде есепте тұрған жұмыссыздар;
3) стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар;
4) зейнеткер жасы алдындағы жұмыссыз адамдар: жұмыспен қамту органында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
5) жұмыспен қамту органында тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, сондай – ақ Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі- ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар;
6) туберкулезден, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар;
7) жедел әскери қызметтерде қайтыс болғандар;
8) орта білім беретін арнаулы оқу орындарында оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер;
9) жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер.
15. Жәрдемақы тағайындау үшін міндетті түрде: жеке куәлігінің көшірмесі, банктің аты және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі көрсетілген, жерлеуді жүзеге асырған тұлғадан өтініш, АХАЖ органдарынан қайтыс болғаны туралы анықтама; қайтыс болған адамның мәртебесін растайтын құжат және тіркелімін ұсынуы керек.
16. Өтемақы мөлшері он бес айлық есеп көрсеткішін құрайды.
17. Жәрдемақыны алуға құқық пайда болған күннен бастап жәрдемақы тағайындалады, бірақ өтініш осы құқығы пайда болған күннен бастап 6 айдан аспауы керек.
3. Біржолғы әлеуметтік көмек
18. Біржолғы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – Көмек) отбасының құрамы және табыс есебімен мынадай санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер; көмек мөлшері – екі айлық есеп көрсеткіші;
2) жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимунан төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғызбасты, жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғалар немесе отбасы жұптары: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан, көмек мөлшері – үш айлық есеп көрсеткіші;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшеріне аспайтын отбасыларының:
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердің; көмек мөлшері – үш айлық есеп көрсеткіші;
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердің, "жұмыссыз" ретінде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар; көмек мөлшері – төрт айлық есеп көрсеткіші;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары төмен, ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 18 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедек – балаларды тәрбиелейтін отбасылардың; көмек мөлшері – 10000 (он мың) теңге;
5) жедел медициналық көмек қызметінің анықтама көшірмесін берген күннен бастап бір ай мерзім аралығында жағдайына қарай өтініш берген, жедел хирургиялық операциядан өткен, жан басына шаққандағы орташа табыстары төмен, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын тұлғалар; көмек мөлшері – 15000 (он бес мың) теңге;
медициналық мекемелердің құжаттарына сәйкес көрсеткен жоспарлы операциядан өткен тұлғаларға көмек мөлшерін 15000 (он бес мың) теңгеден.
Ескерту. 18 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар қалалық әкімдігінің 2009.04.20 N 491/8; 2010.03.02 N 173/5 қаулыларымен.
19. Төлемдерді жүзеге асыру үшін міндетті түрде мынадай құжаттар керек (18-тармақ үшін):
банктің нөмірі және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі көрсетілген осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші; жеке куәлігінің көшірмесі; отбасының жиынтық табысын анықтайтын құжаттар; зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі; атаулы бюросынан анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
20. Отбасы құрамы және табысы ескермей көмекті алуға мына санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) асыраушы жоғалтқан жөніндегі жәрдемақы алушылардан басқа, ата – анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебі бойынша қамқорлықта жүрген балалар; көмек мөлшері – 4000 (төрт мың) теңге;
2) төтенше жағдайлар кезінде жазатайым уақиғаға ұшырағандар, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғалар (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша); көмек мөлшері – 30 айлық есеп көрсеткіші (бұрынғы алған біржолғы көмекке қарамастан). Үй тұрмысы, пәтер заттарының бөлшектеп зақымданған кезде көмек мөлшері – 12 айлық есеп көрсеткіші;
3) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен және АҚТЖ жұқтырған (диспансердің тізімі бойынша), туберкулезге шалдыққан амбулаторлық емделудегі (диспансерлер тізімі бойынша, емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын (диспансердің бас дәрігермен куәландырылған анықтама бойынша), арнайы белсенді ем алатын тұлғалар:
жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3 – 4 кезеңдер);
қан өндіру және лимфатикалық жүйенің түрлері (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздерінің бар болуы көмек мөлшері – 10000 (он мың) теңге;
амбулаторлық емделуге арналған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың жолақысы (диспансердің тізімі бойынша емделу аяқталғаннан кейін) көмек мөлшері – 5000 (бес мың) теңге;
қаланың емдеу – алдын алу мекемелерінде бірінші диспансерлік топта туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларына көмек мөлшері – 10000 (он мың) теңге;
5) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектердің көмек мөлшері – 4000 (төрт мың) теңге;
6) Павлодар қаласының құрметті азаматтары; көмек мөлшері – мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес ай сайын 3000 (үш мың) теңге;
7) арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті және басқа да төлемді алмайтын, "Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағы бар зейнеткерлік жасындағы тұлғалар; санаториялық-курорттық емделуге арналған ақшалай өтемақы; мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес көмек мөлшері – 17000 (он жеті мың) теңге;
8) облыс алдында ерен еңбегі үшін зейнетақы алатын, арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын зейнеткерлер мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес ай сайын көмек мөлшері – бір айлық есеп көрсеткіші;
9) ми бөлігінің зақымдануынан балалардың сал ауруымен және шала салдану ауруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі мүгедек – балалары бар отбасыларды әлеуметтік сауықтыру және бейімдеу көмек мөлшері – 15000 (он бес мың) теңге;
10) Қарттар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткерлер мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес көмек айлық зейнетақы мөлшерінде;
11) толық емес жұмыс өтілімен әлеуметтік жәрдемақылар алатын жалғызбасты және жалғыз тұратын тұлғалар; көмек мөлшері – 7000 (жеті мың) теңге, бірақ жылына кем дегенде бір рет;
12) аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға; көмек мөлшері – 10000 (он мың) теңге;
13) 9 Мамыр мерекесіне:
"Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері, КСРО-ның "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін"; "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтар; фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсіз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындар; ҰОС жауынгерлерінің (қайтыс болғандардың, із – түссіз жоғалғандардың) ата-атаналары; қайтыс болған соғыс мүгедектері мен оларға тең келетін мүгедектердің неке құрмаған әйелдері (ерлері) және де қайтыс болған соғысқа қатысушылар, партизандар, астыртын әрекет етушілер, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтардың әйелдері (ерлері), ҰОС кезінде арнайы құрамалардың жұмысшылары"; "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғалар, осы медальдарға куәліктері барлар; 1941 жылдың 22 маусым мен 1945 жылдың 9 мамыр аралағында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға көмек мөлшері – 5000 (бес мың) теңге;
ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС жылдары қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен, жауынгерлердің қайтадан неке құрмаған жесірлері; ҰОС 65-жылдығына 65000 (алпыс бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС жылдары қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен, жауынгерлердің қайтадан неке құрмаған жесірлері, сыйлықтар жинағына 5000 (бес мың) теңге;
Астана және Мәскеу қалаларында ҰОС 65-жылдығына орай өтетін шеруіне қатысу үшін Павлодар қаласы ардагерлер кеңесімен бекітілген тізімі бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; материалдық көмек 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тізімінде жоқ ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, Жеңіс Күнінің 65-жылдығына тұрғын үйді жөндеу үшін 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы мамырға дейінгі кезінде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссияның шешімімен және мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың деректер қорына сәйкес төлем жүзеге асырылады;
14) Отан қорғаушылар күніне: Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысушылары көмек мөлшері бес айлық есеп көрсеткіші Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың деректер қорына төлемдер жүзеге асырылады;
15) сауықтыру үшін Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысқандарға көмек мөлшері – тоқсан сайын екі айлық есептік көрсеткіші; Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың деректер қорына төлемдер жүзеге асырылады;
16) дәрі-дәрмек сатып алу үшін ҰОС мүгедектері мен қатысушылары; мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес көмек айлық зейнетақы мөлшерінде;
17) Мүгедектерді қорғау күні және Қарттар күні қарсаңында:
тегін телефон орнату үшін "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің мамандарымен жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі көмек мөлшері – 13000 (он үш мың) теңге, нақты шығындардан аспайды;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ең төменгі зейнетақы мөлшерінде (толық жұмыс өтілімен, жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақысымен) зейнетақы алатын азаматтар көмек мөлшері – 1000 (бір мың) теңге төлем ЗТМО деректер қорына сәйкес жүзеге асырылады;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, 80 жастан асқан зейнеткерлер көмек мөлшері – 1000 (бір мың) теңге; төлем ЗТМО деректер қорына сәйкес жүзеге асырылады;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, 100 және одан да көп жасқа жеткен зейнеткерлер көмек мөлшері – 5000 (бес мың) теңге төлем ЗТМО деректер қорына сәйкес жүзеге асырылады;
кәмелет жасына толмаған балаларымен мүгедек-әйелдер және де жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларымен толық отбасылар көмек мөлшері бес айлық есептік көрсеткіші;
18) Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ата-анасына, Ауғанстаннан әскерлерді Шығару күніне арналған біржолғы көмек көрсетуге, көмек мөлшері 10000 (он мың теңге).
19) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
20) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан 1 топтағы мүгедек болған адамдарға дәрі-дәрмек сатып алуға; көмек мөлшері – тоқсан сайын бір айлық есеп көрсеткіші;
21) уәкілетті органдарда тіркелген және кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілген тұлғалар; бір айға (20 оқу күн) кәсіби оқу үшін төлемнің мөлшері бір оқушыға бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем оқу орындарымен берілген оқуға нақты қатысу табельдеріне сәйкес жүргізіледі;
22) Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емдеуге ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға жол жүру құнының орнын толтыру түрінде. Төлемдер купе-вагоны билетінің құнынан аспайтын ұсынылған жол жүру билетіне сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.
23) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету:
а) ай сайын ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес тұрғын үйді ұстауға талап етілген шығындардың сомалары мөлшерінде.
Газды және шартты отынды (пеші бар үйлер үшін) сатып алу үшін төлем өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша газды және шартты отынды сатып алғаннын растайтын құжат бойынша төленеді;
жергілікті атқарушы органның жалға берілген тұрғын үйдің төлемі есептелген жалға берілген төлем туралы шоттар негізінде жүргізіледі;
б) алдыңғы тоқсанда тағайындалатын тоқсанда бір адамға тұрғын үй көмегін тағайындауды қабылдау кезінде әлеуметтік стандарттар нормаларына сәйкес электр тоғын, ыстық және суық судың жалпы сомасы мөлшерінде ай сайын:
Ауғанстанда әскери әрекеттерін жүргізуге қатысқан жауынгерлерге;
Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесірлеріне;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттермен және олардың одақтастарымен құрылған, концлагерлерде тұтқында болған жасөспірімдерге, гетто және басқа жерлерде еріксіз ұстауда болғандарға төленеді;
в) ай сайын екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде:
жалғызбасты және жалғыз тұратын жұмысқа жарамсыз қартайған азаматтарға және тұрғын үйдің бір бірлігіне иегер немесе жалға алушы болып табылатын қалада жұмысқа жарамсыз балалары жоқ (зейнеткерлер, 1, 2 топ мүгедектері мен зейнеткерлері, 1, 2 топтағы мүгедектері) отбасы жұптарына;
қосымша жасы бойынша төменгі мөлшерге дейін зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
Төлемдер уәкілетті органдарда қойылған айдағы есептен бастап "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің орталығы" мемлекеттік мекемесінің және ЗТМО тізіміне сәйкес жүргізіледі;
24) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
25) жақтардың келісімі бойынша білім беру қызметін көрсетуге төрт жақты келісім-шарт жасаған (студент, Павлодар қаласының әкімдігі, Семей медициналық мемлекеттік академиясы, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы) Семей медициналық мемлекеттік академиясының студенттері. Әлеуметтік көмектің мөлшері келісім-шартта көрсетілген мерзімі бойынша білім беру қызметінің нақты құны болып табылады. Әлеуметтік көмек студенттің оқуға қатысуы мен үлгерімін растайтыны туралы оқу орнының мәліметтері негізінде жылына екі рет төленеді;
26) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
27) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
28) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
29) Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен;
30) тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз санаттарынан жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті мөлшерінен төмен жүкті әйелдер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үш ай аралығында, жүктілік бойынша ерте есепке тұрғанын растайтын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде.
Ескерту. 20 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар қалалық әкімдігінің 2009.04.20 N 491/8; 2009.08.19 N 1124/16; 2009.11.30 N 1533/26; 2010.03.02 N 173/5; 2010.05.04 N 592/14 қаулыларымен.
21. Өтініш беруші беретін құжаттар тізбесіне мыналар енеді (20-тармақ үшін):
осы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар тұлғадан өтініш, банктің аты және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі, әлеуметтік жеке коды көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі (5), 9), 11), 12), 18), 19) – тармақшалар үшін), санаториялық – курорттық емделудің қажеттілігін айқындайтын медициналық мекеме анықтамасының көшірмесі (7 тармақ үшін), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Құрметті азамат" мәртебесі атағын алу нысанын айқындайтын құжаттың көшірмесі, атаулы бюросынан анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі және жетекшілік басқарманың, бөлімдердің (24-тармақша үшін) жолдамасы; 9), 17)-тармақшалары үшін "баланың туу туралы куәлігі.
Ескерту. 21 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен.
4. Жеке меншік сектордан тұратындарға қатты отын
сатып алуға арналған қаражат беру
22. Көрсетілген төлемге мынадай санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
2) жалғызбасты, жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздар: жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен аспайтын ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі кедейшілік шегі деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасылар;
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер, "жұмыссыз" ретінде есепте тұрған жұмыссыздар мен мүгедектер, оның ішінде зейнетақы жасы алдындағы тұлғалардан тұратын отбасылар;
23. Өтініш беруші беретін құжаттар тізбесіне:
салық төлеушінің тіркелу нөмірі, жеке шоты және банктің атауы көрсетілген өтініш, тұрғын үйге (пайдалану) меншік құқығын және отбасының жиынтық табысын анықтайтын құжаттар, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі енеді.
24. Төлем мөлшері бір отбасына бес айлық есеп көрсеткішін құрайды.
25. Қаражат жылына 1 рет екінші жартыжылдықта беріледі.
5. Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету
бағдарламасы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен
көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде қызметті төлеу
26. Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен.
27. Бөгде адамның күтіміне мұқтаж жалғызбасты (жалғыз тұратын) қарттарға және мүгедектерге қызмет көрсету жөнінде Бөлімнің жолдамасы бойынша қызмет көрсету.
Туберкулездің белесенді түрімен, психикалық аурумен (неврозды, соматикалық аурулар кезеңдегі невроз жағдайын, жындылықтың жеңіл түрлерін, түрлі этиологиядағы селкілдік белгілерін (2 - 3 айда кем дегенде бір рет анда санда талмаларды, жарыместікті және жеке тұлғадағы өзгерістерді қоспағанда) карантиндық инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық аурулар, ЖҚТБ, арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде емдеуді қажет ететін аурулар үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады.
Бір адамға қызмет көрсету орта айлық бағасы бір айға өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
28. Бөлімнің жолдауымен мұқтаж азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Ыстық тамаққа мынадай мұқтаж азаматтар санатының құқығы бар:
аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз, жалғызбасты және көп балалы аналар; дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар; зейнеткер жас алдындағы тұлғалар; өмірдің қиын жағдайына түскен тұлғалар. Бір адамға күніне орта айлық қызмет мөлшері өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
29. Туберкулезге қарсы диспансер тізіміне сәйкес амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратындарды ыстық түскі тамақпен қамтамасыз ету.
Қызмет орта айлық мөлшері бір адамға айына өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
30. Қарым – қатынас арасын кеңейту есебінен есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік бейімделу табысты болуына жағдай жасау нысанында естімейтін және нашар еститін жас азаматтарға қызмет көрсету және оларды оқыту және қайта оқытуына жәрдемдесу.
Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық мөлшері өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
31. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету. Осы қызмет түрі белгіленген заңнама тәртібімен бекітілген жеке немесе психикалық жетіспеушілігімен, өмір әрекеттеріне шектеулігі бар, туғаннан ауру, тұқым қуалаған 18 жасқа толған балалар үшін тағайындалған.
Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық мөлшері өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
32. Еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қызмет көрсету. Осы қызмет түрі бір адамға ең төменгі еңбекақысының бірден сегізінші бөлігі мөлшерінде еңбек ардагеріне беріледі.
6. Жеңілдікпен жол жүру саласында әлеуметтік көмек
33. Отбасының құрамын және табысын есептемегенде көрсетілетін қызметке төмендегі санаттағы азаматтардың құқықтары бар: қоларбамен жүретін мүгедектер, тірек – қимыл аппаратының қызметі бұзылған 1 топтағы мүгедектер, қозғалуда қиындық көретін және еріп жүретін адамның көмегіне мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балалар. Көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған арбаларды жөндеу және техникалық қызметтер көрсету.
34. Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2010.03.02 N 173/5 қаулысымен.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеп шығару
35. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады.
36. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, өткен тоқсанда берген өтінішіне қарай, өтініш жасаған алдындағы ақшалай және заттай түрде нақты алынған, тұрғын-үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен басқа табыстардың барлығы ескеріледі.
37. Жиынтық табысты есептеу алған табыстары туралы Өтініш беруші берген мәліметтер негізінде жүргізіледі.
38. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік төлемақыға жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
8. Есеп беру және есеп – қисап
39. Әлеуметтік төлем ақы беруге арналған қаражат шығынын есептеуді есеп – қисап Бөліммен жүзеге асырылады.
40. Әлеуметтік төлем негізін көрсететін бастапқы құжаттар (белгіленген тізбеге сәйкес Өтініш берушінің ұсынған өтініші, құжаттары) Бөлімде белгіленген заңнама мерзімінде сақталады.