Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 1619/23 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 03 тамызда N 12-1-174 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 1700/27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.12.24 N 1700/27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы" Заңының 20-бабына, Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 79/29 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) табысына және отбасы кұрамына қарамастан, азаматтардың мынадай санаттарына (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болары алдында жұмыс істегендер;
      қайтыс болары алдында "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) есепте тұрған жұмыссыздар;
      стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар;
      зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемегендер: жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
      жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар;
      туберкулезбен, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар;
      жедел әскери кызметтерде қайтыс болғандар;
      орта білім беретін арнаулы оқу орындарында оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер;
      жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Жәрдемақыны алуға құқық пайда болған күннен бастап жәрдемақы тағайындалады, бірақ өтініш осы құқығы пайда болған күннен бастап 6 айдан кешіктірілмеуі тиіс;
      2) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимумынан төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғаларға немесе отбасы жұптарына: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      4) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшеріне аспайтын отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек:
      зейнеткерлері, зейнеткерлері мен (немесе) мүгедектердің үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      зейнеткерлері мен (немесе) мүгедектердің, құрамында: "жұмыссыз" ретінде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар; туб-, онко-, наркодиспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 18 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      6) медициналық мекемеден алынған тиісті құжаттарды ұсынумен, есептен шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтініш берген, шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық операциядан өткен, жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын тұлғаларға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      7) өтініш беруші отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы аралық мөлшерінен төмен болатын жүктілігі бойынша ерте уақытында (12 аптаға дейін) есепке тұрғанын растайтын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде жүкті әйелдерге алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      8) отбасы құрамы және табысы ескермей асыраушы жоғалтқан жөніндегі жәрдемақы алушылардан басқа, ата–анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебі бойынша қамқорлықта жүрген балаларға 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      9) отбасы құрамы және табысы ескермей төтенше жағдайлар кезінде жазатайым уақиғаға ұшырағандарға, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғаларға (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша) 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұрынғы алған біржолғы көмекке қарамастан) біржолғы әлеуметтік көмек. Үй тұрмысы және шаруашылық құрылысы, пәтер заттары бөлшектеп зақымданған кезде көмек мөлшері он екі айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      10) отбасы құрамы және табысы ескермей жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен және АҚТЖ жұқтырған (диспансердің тізімі бойынша), туберкулезге шалдыққан амбулаторлық емделудегі (диспансердің тізімі бойынша, емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын (бас дәрігермен куәландырылған диспансер анықтамасы бойынша), арнайы белсенді ем алатын тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек:
      жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3, 4 кезеңдері және кезеңнен тәуілсіз IV клиникалық топтағы);
      қан өндіру және лимфатикалық жүйенің түрлері (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
      нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздерінің бар болуы;
      аурудың диагнозынан тәуелсіз бас дәрігермен куәландырылған диспансер анықтамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
      11) отбасы құрамы және табысы ескермей амбулаторлық емделуге арналған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың жолақысына (диспансердің тізімі бойынша емделу аяқталғаннан кейін) 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      12) отбасы құрамы және табысы ескермей қаланың емдеу – алдын алу мекемелерінде бірінші диспансерлік топта туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      13) отбасы құрамы және табысы ескермей көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерге 4 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      14) отбасы құрамы және табысы ескермей мәліметтер базасына немесе Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының (бұдан әрі – ЗТМО) тізіміне сәйкес "Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағы бар тұлғаларға 9000 (тоғыз мың) теңге мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
      15) мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті және басқа да төлемді алмайтын, "Павлодар қаласының кұрметті азаматы" атағы бар зейнеткерлік жасындағы тұлғаларға санаториялық-курорттық емделуге арналған ақшалай өтемақы түрінде 17000 (он жеті мың) теңге көмек мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      16) отбасы құрамы және табысы ескермей мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес облыс алдында ерен еңбегі үшін зейнетақы алатын, арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын зейнеткерлерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
      17) отбасы құрамы және табысы ескермей ми бөлігінің зақымдануынан балалардың сал ауруымен және шала салдану ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек–балалары бар отбасыларды әлеуметтік сауықтыру және бейімдеуге 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      18) отбасы құрамы және табысы ескермей мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес Қарттар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткерлерге айлық зейнетақы мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      19) отбасы құрамы және табысы ескермей толық емес жұмыс өтілімен жас мөлшер бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын жалғыз тұратын тұлғаларға жылына бір реттен көп емес 7000 (жеті мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      20) отбасы құрамы және табысы ескермей аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      21) 9 Мамыр мерекесі қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек:
      "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз   әскери қызметі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, КСРО-ның "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін"; ордендерімен, медальдарымен марапаталғандарға; "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Құрсаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтарға; фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсіз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындарға; Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) жауынгерлерінің (қайтыс болғандардың, із–түссіз жоғалғандардың) қайтадан неке құрмаған жесірлері мен ата-атаналарына; қайтыс болған соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің неке құрмаған әйелдері (ерлері) және де қайтыс болған соғысқа қатысушыларға, партизандарға, астыртын әрекет етушілерге, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтардың әйелдеріне (ерлеріне); ҰОС жылдары арнайы құрамалардың жұмысшыларына; майдандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан әскери қызметшілері мен жалдама құрамының тұлғаларына; партизандарға, астыртын әрекетке қатысқандарға, ҰОС жылдары жалдама құрамының әскери қызметшілеріне; "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, осы медальдарға куәліктері барлар; 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      - ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      - ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға арналған сыйлықтар жинағына, 5000 (бес мың) теңгеден көп емес.
      Төлем 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезінде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Арнайы комиссияның шешімімен және ЗТМО деректер қорына сәйкес жүзеге асырылады;
      22) Отан қорғаушылар күніне біржолғы әлеуметтік көмек:
      - Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысушыларына мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      23) сауықтыру үшін Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысқандарға ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
      24) дәрі-дәрмек сатып алу үшін ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек;
      25) мүгедектерді қорғау күні және халықаралық Қарттар күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек:
      тегін телефон орнату үшін "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің мамандарымен қызмет көрсетілетін жалғыз тұратын зейнеткерлерге 13000 (он үш мың) теңге мөлшерінде, нақты шығындардан аспайды;
      ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ең төменгі зейнетақы мөлшерінде зейнетақы алатын азаматтарға 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады;
      ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, 80 жастан асқан зейнеткерлерге 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде; төлем ЗТМО  деректер қорына сәйкес жүзеге асырылады;
      ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, 100 және одан да көп жасқа жеткен зейнеткерлерге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады;
      кәмелет жасына толмаған балаларымен мүгедек-әйелдер және де жеті жасқа дейінгі балалары бар толық мүгедек отбасыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан 1, 2 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде; төлем ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады;
      26) Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ата-анасына, Ауғанстаннан әскерлерді Шығару күніне арналған 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      27) психологиялық-медикалық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде 18 жасқа дейін үйде мүгедек балаларды оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
      28) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдарға дәрі-дәрмек сатып алуға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
      29) әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу бойынша уәкілеттік органдарда (бұдан әрі - Уәкілеттік орган) тіркелген және кәсіби оқуға, қайта оқуға және біліктілігін арттыруға жіберілген тұлғаларға. Кәсіби оқуға (20 оқу күні) бір айға төлем мөлшері оқитын бір оқушыға бес айлық есептік көрсеткішін құрайды. Төлемдер нақты сабаққа қатысқан оқу мекемесінің табельдеріне сәйкес ұсынылады;
      30) Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емдеуге ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына жолақы құнының толтыру түрінде Алматы, Щучинск қалаларына жолақы құны мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Төлемдер купе-вагоны билетінің құнынан аспайтын ұсынылған жол жүру билетіне сәйкес жылына бір рет жүргізіледі;
      31) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға:
      а) ай сайынғы әлеуметтік көмек ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес алдыңғы ай үшін тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар сомасын төлеуге талап етілген мөлшерде.
      Газды және шартты отынды (пеші бар үйлер үшін) сатып алу үшін төлем өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша газды және шартты отынды сатып алғаннын растайтын құжат бойынша төленеді;
      жергілікті атқарушы органның жалға берілген тұрғын үйдің төлемі  есептелген жалға берілген төлем туралы шоттар негізінде жүргізіледі;
      б) алдынғы тоқсанда тағайындалатын тоқсанда бір адамға тұрғын үй көмегін тағайындауды қабылдау кезінде әлеуметтік стандарттар нормаларына сәйкес электрэнергияның, ыстық және суық судың тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек жалпы сомасы мөлшерінде:
      Ауғанстанда әскери әрекеттерін жүргізуге қатысқан жауынгерлерге;
      Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесірлеріне; Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ата-анасына;
      "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға;
      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттермен және олардың одақтастарымен құрылған, концлагерлерде тұтқында болған жасөспірімдерге, гетто және басқа жерлерде еріксіз ұстауда болғандарға төленеді;
      в) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
      жалғыз тұратын жұмысқа жарамсыз қартайған азаматтарға және тұрғын үйдің бір бірлігіне иегер немесе жалға алушы болып табылатын қалада жұмысқа жарамды балалары жоқ (зейнеткерлер, 1, 2 топ мүгедектері мен зейнеткерлері, 1, 2 топтағы мүгедектері) отбасы жұптарына;
      қосымша жасы бойынша төменгі мөлшерге дейін зейнетақы алатын зейнеткерлерге төленеді.
      Төлемдер Уәкілетті органда есепке қойылған айдан бастап "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің орталығы" мемлекеттік мекемесінің және ЗТМО тізіміне сәйкес жүргізіледі;
      32) жеке меншік секторда тұратындарға қатты отын сатып алуға арналған біржолғы әлеуметтік көмек:
      жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге немесе зейнеткерлер және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасыларға;
      жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздарға: жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас немесе туб-, онко-, наркодиспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғаларға;
      жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі азық-түлік себеті деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға;
      жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі күнкөріс минимум мөлшерінен аспайтын зейнеткерлерден, мүгедектерден тұратын отбасыларға және "жұмыссыз" ретінде есепте тұрған, оның ішінде зейнетақы жасы алдындағы немесе туб-, онко-, наркодиспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғаларға;
      ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамассыз ету, мәдениет және спорт мамандарына.
      Төлем мөлшері бір отбасына алты айлық есеп көрсеткішін құрайды. Қаражат жылына 1 рет екінші жартыжылдықта беріледі;
      33) Павлодар қаласының 30 ардагеріне Астана қаласына экскурсиялық сапарына біржолғы әлеуметтік көмек.
      Төлем бір адамға 24500 (жиырма төрт мың бес жүз) теңге мөлшерінде жылына 1 рет беріледі;
      34) Санаторийге мүгедектерді ертіп жүруіне 15 жеке көмекшіге (тұру, тамақтану) төлем үшін біржолғы әлеуметтік көмек.
      Төлем бір адамға 63000 (алпыс үш мың) теңге мөлшерінде жылына 1 рет беріледі;
      35) үшем туған әйелдерге бір жолғы әлеуметтік көмек.
      Отбасына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде төлем жылына бір рет жүргізіледі;
      36) шипажайларда жас мөлшері бойынша зейнеткерлерді сауықтыру үшін 49000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.02.07 N 299/5 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету  бағдарламасы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметті төлеу:
      1) бөгде адамның күтіміне мұқтаж жалғызбасты (жалғыз тұратын) қарттарға және мүгедектерге (басқа аулдық пунктерде тұратын немесе басқа елге тұрақты тұрғылықты жеріне көшіп кеткен, бас боспандығынан айыру мекемелеріндегі, онкологиялық, психикалық науқас, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, жасы ұлғайған адамдар бөгде адамның тұрақты көмегімен қамтамасыз етуге объективті себептер болатын, жақын туыстары соңдай-ақ оларды заңнама бойынша қамтамасыз ету міңдеті негізінде, кәмелет жасқа толған еңбекке жарамды жақын туыстары жоқ) жалғыз бастыларға Бөлімнің жолдамасы бойынша қызмет көрсету.
      Туберкулездің белсенді түрімен, психикалық аурумен (неврозды, соматикалық аурулар кезеңдегі невроз жағдайын, жындылықтың жеңіл түрлерін, түрлі этиологиядағы селкілдік белгілерін (2-3 айда кем дегенде бір рет анда-санда талмаларды, жарыместікті және жеке тұлғадағы өзгерістерді қоспағанда) карантиндық инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық аурулар, ЖҚТБ, арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде емдеуді қажет ететін аурулар үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады.
      Бір адамға қызмет көрсетудің орта айлық құны бір айда өткізілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу негізінде анықталады;
      2) бөлімнің жолдауымен аз қамтамасыз етілген; жұмыссыздарды;
      жалғызбасты және көп балалы аналарды; дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғаларды; 1, 2 топтағы мүгедектерді; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды; зейнеткер жас алдындағы тұлғаларды; өмірдің қиын жағдайына түскен тұлғаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша.
      Бір адамға қызмет көрсетудің орта айлық құны бір айда өткізілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу негізінде анықталады;
      3) туберкулезге қарсы диспансер тізіміне сәйкес амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратындарды ыстық түскі тамақпен қамтамасыз ету.
      Айына бір адамға қызмет құны өткізілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу негізінде анықталады;
      4) қарым – қатынас арасын кеңейту есебінен есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік бейімделу табысты болуына жағдай жасау нысанында естімейтін және нашар еститін жас азаматтарға қызмет көрсету және оларды оқыту және қайта оқытуына жәрдемдесу.
      Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық құны өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады;
     5) мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету. Осы қызмет түрі белгіленген заңнама тәртібімен бекітілген жүре пайда болған аурулар немесе жарақат салдарынан жеке немесе психикалық жетіспеушілігімен, өмір әрекеттеріне шектеулігі бар, туғаннан ауру, тұқым қуалаған 18 жасқа толмаған балалар үшін тағайындалған.
      Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық құны өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады;
      6) еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қызмет көрсету. Осы қызмет түрі бір адамға ең төменгі еңбекақысының бірден сегіз бөлігі мөлшерінде еңбек ардагеріне беріледі;
      7) жетектеушіге мұқтаж және қозғалуда қиындық көретін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші топтағы мүгедектерді, арбалы–мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша.
      Көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған арбаларды жөндеу және техникалық қызметтер көрсету түрінде қызмет көрсетіледі;
      8) көп қабатты ғимаратқа баспалдақ аралығынан көтерілгіш құралының көмегімен арбалы-мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бойынша.
      Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық құны өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады.
      9) мұқтаж мүгедектерге тифло-сурдотехникалық құралдарды жөндеу бойынша.
      Қызмет көрсету құны өткізілген мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады;
      10) 1, 2 топтағы мүгедек-әйелдерді психологиялық сауықтыру мен әлеуметтік бейімдеу.
      Қызмет көрсету құны мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.02.07 N 299/5 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу бойынша өкілетті орган болып "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) анықталсын.
      4. Қарастыруы үшін басқа тұлғадан, уәкілетті тұлғалардан немесе орынға шығып ақпарат жинау талап етпеген тұлғаның әлеуметтік көмекке берген өтініші бойынша шешім тұлғаға, уәкілетті тұлғаға түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      Қарастыруы үшін басқа тұлғадан, уәкілетті тұлғалардан немесе орынға шығып ақпарат жинау талап еткен тұлғаның әлеуметтік көмекке берген өтініші бойынша шешім тұлғаға, уәкілетті тұлғаға түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      5. Әлеуметтік көмекті тағайындамау үшін келесі негіздемелер анықталсын:
      1) Өтініш берушінің анық емес мәліметтерді ұсынуы;
      2) Өтініш берушінің осы қаулының 1 тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтардың санаттарына сәйкессіздігі болып табылады.
      6. Отбасының жиынтық табысын есептеп шығарудың келесі тәртібі анықталсын:
      1) отбасының жиынтык табысына отбасы кұрамында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады;
      2) отбасының құрамы жиынтық табыс анықталған мерзім бойынша анықталады;
      3) отбасы құрамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталып 6 одан да көп ай болмаған тұлағалар кірмейді;
      4) отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, өтініш жасаған тоқсан алдындағы ақшалай және заттай түрінде нақты алынған барлық  кірістер ескеріледі, тұрғын-үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік, 18 жасқа дейінге балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыдан басқа;
      5) жиынтық табысты есептеу Өтініш берушінің алған табыстары туралы берген мәліметтері негізінде жүргізіледі;
      6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік төлемақыға жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
      7. Есепке алу және есеп берудің келесі тәртібі анықталсын:
      1) әлеуметтік төлемақы беруге арналған қаражат шығынын есепке алуды және есеп беруді Бөлім жүзеге асырады;
      2) әлеуметтік төлем негізін көрсететін бастапқы құжаттар (белгіленген тізбеге сәйкес Өтініш берушінің ұсынған өтініші, құжаттары) Бөлімде қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде сақталады.
      8. Әлеуметтік көмек ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Төлемдер Өтініш берушінің қайтыс болған, Өтініш берушінің тұрақты мекенге Павлодар қаласының шегінен тыс шыққан айын қоса жүргізіледі.
      Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кейін берілген өтініштер бойынша төлем келесі қаржылық жылда төленеді.
      9. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті  органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырылсын.
      10. Осы қаулымен қарастырылған азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.
      11. Павлодар қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылар 2 қосымшаға сәйкес анықталсын.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
      13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          О. Крук

Павлодар қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 15 шілдедегі 
N 1619/23 қаулысына  
1 қосымша       

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші (бұдан әрі - Өтініш беруші);
      Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
      салық төлеушінің тіркелу нөмірінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      алушының жеке шот ашылғаннын растайтын құжаттың көшірмесі;
      кәмелет жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын Өтініш беруші үшін көрсетілген мәртебесін растайтын құжат көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қосымша қажетті құжаттар:
      1) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      АХАЖ органдарынан қайтыс болғаны туралы анықтама;
      қайтыс болған адамның мәртебесін растайтын құжат;
      қайтыс болған адамның Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат;
      2) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      3) жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимумынан төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғаларға немесе отбасы жұптарына біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      4) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшеріне аспайтын отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек үшін зейнеткерлері, зейнеткерлері мен (немесе) мүгедектердің; зейнеткерлері мен (немесе) мүгедектердің, құрамында: "жұмыссыз" ретінде Бөлімде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар; туб-, онко-, наркодиспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар бар:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      "жұмыссыз" ретінде есепте тұрғаны туралы Уәкілетті органнан анықтама;
      аурудың емдеуде жүргенін растайтын сәйкес медициналық мекемеден анықтама;
      5) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 18 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедек–балаларды тәрбиелейтін отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      6) медициналық мекемеден алынған тиісті құжаттарды ұсынумен, есептен шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтініш берген, жедел немесе жоспарлы хирургиярлық операциядан өткен, жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      сәйкес медициналық мекемеден анықтама;
      7) өтініш беруші отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы аралық мөлшерінен төмен болатын жүктілігі бойынша ерте уақытында (12 аптаға дейін) есепке тұрғанын растайтын медициналық мекеменің анықтамасы негізінде жүкті әйелдерге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      неке қию туралы куәлігі;
      балалардың туу туралы куәліктері;
      8) отбасы құрамы және табысы ескермей асыраушы жоғалтқан жөніндегі жәрдемақы алушылардан басқа, ата–анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебі бойынша қамқорлықта жүрген балаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      қамқорлыққа алу тура шешім;
      ата–анасы балаларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тартқанын растайтын құжат;
      9) отбасы құрамы және табысы ескермей төтенше жағдайлар кезінде жазатайым уақиғаға ұшырағандарға, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғаларға (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша) біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      қарастырылған төлемге құқығын анықтайтын сәйкес органнан құжат;
      10) отбасы құрамы және табысы ескермей жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісімен және АҚТЖ жұқтырған (диспансердің тізімі бойынша), туберкулезге шалдыққан амбулаторлық емделудегі (диспансерлер тізімі бойынша, емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын (бас дәрігермен куәландырылған диспансер анықтамасы бойынша), арнайы белсенді ем алатын тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (4 кезеңдегі және кезеңнен тәуелсіз IV клиникалық топтағы); қан өндіру және лимфатикалық жүйенің түрлері (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар); нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздерінің бар болуы; аурудың диагнозынан тәуелсіз бас дәрігермен куәландырылған диспансер анықтамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға:
      аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      11) отбасы құрамы және табысы ескермей амбулаторлық емделуге арналған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың жолақысына (диспансердің тізімі бойынша емделу аяқталғаннан кейін) біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      12) отбасы құрамы және табысы ескермей қаланың емдеу – алдын алу мекемелерінде бірінші диспансерлік топта туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      аурудың емдеуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      13) отбасы құрамы және табысы ескермей көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерге бржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      14) арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті және басқа да төлемді алмайтын, "Павлодар қаласының кұрметті азаматы" атағы бар зейнеткерлік жасындағы тұлғаларға санаториялық-курорттық емделуге арналған ақшалай өтемақы түрінде біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      санаториялық–курорттық емделудің қажеттілігін айқындайтын медициналық мекеме анықтамасы;
      "Құрметті азамат" мәртебесі атағын алу нысанын айқындайтын құжаттың көшірмесі;
      15) отбасы құрамы және табысы ескермей ми бөлігінің зақымдануынан балалардың сал ауруымен және шала салдану ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек–балалары бар отбасыларды әлеуметтік сауықтыру және бейімдеуге біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      баланың туу туралы куәлігі;
      16) отбасы құрамы және табысы ескермей толық емес жұмыс өтілімен жас мөлшер бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын жалғыз тұратын тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      17) отбасы құрамы және табысы ескермей аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      18) мүгедектер күні және халықаралық Қарттар күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      баланың туу туралы куәлігі;
      19) Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ата-анасына, Ауғанстаннан әскерлерді Шығару күніне біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      20) психологиялық–медикалық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде 18 жасқа дейін үйде мүгедек балаларды оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      21) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болған адамдарға дәрі-дәрмек сатып алуға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
      зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі;
      мүгедек себебі көрсетілген мүгедектігін растайтын құжат;
      22) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек үшін:
      Өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша газды және шартты отынды сатып алғанын растайтын құжат;
      жалға берілген төлем туралы шоттар;
      Уәкілетті органдарда есепке қойылған айдан бастап "Павлодар қаласы үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің орталығы" мемлекеттік мекемесінің және ЗТМО тізімдері;
      23) жеке меншік секторда тұратындарға қатты отын сатып алуға арналған біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжат;
      тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат;
      жұмыс орнынан анықтама;
      24) Павлодар қаласының 30 ардагеріне Астана қаласына экскурсиялық сапарына біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      жол жүру билетінің көшірмесі;
      25) санаторийге мүгедектерді еріп жүруіне 10 жеке көмекшіге (тұру, тамақтану) төлем үшін біржолғы әлеуметтік көмек үшін:
      мүгедектің сауықтыру жеке бағдарламасы;
      жеке көмекшіге жеке көмекшінің қызметін көрсетуге келісім шарт.
      3. Жоғарыда көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады.
      Түпнұсқалар құжаттарды тапсырған күні салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылып істе қалыптастырылады.

Павлодар қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 15 шілдедегі 
N 1619/23 қаулысына   
2 қосымша        

Павлодар қаласы әкімдігінің күші жойылды
деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-134 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2009 жылғы 14 наурыздағы N 31, "Сарыарқа самалы" газетінде 2009 жылғы 17 наурыздағы N 32, "Версия" газетінде 2009 жылғы 16 наурыздағы N 10 жарияланған).
      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 491/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-136 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2009 жылғы 16 мамырдағы N 55,  "Версия" газетінде 2009 жылғы 25 мамырдағы N 20 жарияланған).
      3. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 1124/16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-144 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 107, "Версия" газетінде 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 37 жарияланған).
      4. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 1533/26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-147 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 149, "Версия" газетінде 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 51 жарияланған).
      5. Павлодар қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 ақпандағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына   өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 173/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-151 тіркелген, "Сарыарқа самалы" газетінде 2010 жылғы 25 ақпандағы N 21, "Версия" газетінде 2010 жылғы 28 ақпандағы N 7 жарияланған).
      6. Павлодар қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 130/2 қаулысына   толықтырулар енгізу туралы" N 592/14 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-157 тіркелген, "Шаһар" газетінде 2010 жылғы 17 маусымдағы N 24, "Версия" газетінде 2010 жылғы 21 маусымдағы N 24 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады