Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 қаңтардағы (ІV шақырылған кезектен тыс ХІІ сессия) "Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған сомалық салықтың тіркелген ставкалары туралы" N 132/12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 наурыздағы N 155/15 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуірде N 229 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 қаңтардағы (ІV шақырылған кезектен тыс ХІІ сессия) "Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған салық сомасының тіркелген ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-218 тіркелген, 2009 жылдың 2 ақпанда N 6 "Отарқа" газетінде, 2009 жылдың 5 ақпанда N 6 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған) N 132/12 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің 1-тармағы "бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы - 2 айлық есептік көрсеткіш" 4-тармақшамен және "бірнеше ойыншының қатысуымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 2 айлық есептік көрсеткіш" 5-тармақшамен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық мәслихат
      хатшысы

В. Егер
 
Ғ. Балтабекова

О внесении дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (внеочередная XII сессия, IV созыв) от 20 января 2009 года N 132/12 "О фиксированных ставках суммарного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности"

Решение маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 17 марта 2009 года N 155/15. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 30 апреля 2009 года за N 229. Утратило силу решением маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 21.08.2014 N 258/31

     Сноска. Утратило силу решением маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 21.08.2014 N 258/31.
      На основании статьи 422 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс), подпункта 14 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Экибастузского городского маслихата (внеочередная XII сессия, IV созыв) "О фиксированных ставках суммарного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности" от 20 января 2009 года N 132/12 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-3-218, опубликовано в газете "Отарқа" N 6 от 5 февраля 2009 года, в газете "Вести Екибастуза" N 6 от 5 февраля 2009 года) следующие дополнения:
      1) пункт 1 решения дополнить подпунктом 4 "игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с одним игроком – 2 месячных расчетных показателя" и подпунктом 5 "игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с участием более одного игрока – 2 месячных расчетных показателя".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии
      Секретарь городского
      маслихата

В. Егер
 
Г. Балтабекова