Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған сомалық салықтың тіркелген ставкалары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 132/12 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 218 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы N 165/20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 14.11.2013 N 165/20 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабы, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Келесі кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша салық салу объектісінің бірлігіне бір айға тіркелген сомалық салық ставкаларының мөлшері бекітілсін:
      1) ойын үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
      2) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш;
      3) ойын алаңы – 7 айлық есептік көрсеткіш;
      4) бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы - 2 айлық есептік көрсеткіш;
      5) бірнеше ойыншының қатысуымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 2 айлық есептік көрсеткіш.
      Ескерту. 1 тармаққа толықтыру енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009.03.17 N 155/15 шешімімен.
      2. Осы шешім Екібастұз қаласы Әділет басқармасына тіркеуге жіберілсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Рахманғұлов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады