Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 қаңтардағы (ІV шақырылған кезектен тыс ХІІ сессия) "Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған салық сомасының тіркелген ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-218 тіркелген, 2009 жылдың 2 ақпанда N 6 "Отарқа" газетінде, 2009 жылдың 5 ақпанда N 6 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған) N 132/12 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1) шешімнің 1-тармағы "бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы - 2 айлық есептік көрсеткіш" 4-тармақшамен және "бірнеше ойыншының қатысуымен ойын жүргізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 2 айлық есептік көрсеткіш" 5-тармақшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
В. Егер |