Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем-шөп сатып алу үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 315/6 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 маусымда N 12-3-234 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (ІV шақырылған кезекті ХI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 129/11 шешіміне сәйкес, ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға отбасының жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда біржолғы материалдық көмек алу құқық белгіленсін.
      3. Біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
      1) өтініш;
      2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ксерокөшірмесі);
      6) жеке басының куәлігі (ксерокөшірмесі);
      7) "Қазақпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
      4. Жеп-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусым N 315/6 қаулысына
қосымша              

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін
біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009.07.17 N 419/7 қаулысымен.

Төлеубаев Сансызбай Сапарұлы

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Серік Әубәкішұлы Арыстанов

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Дәмеш Баянжанқызы Қамзенова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттағы азаматтармен жұмыс бойынша секторының бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері

Бибігүл Мүбаракқызы Аманова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Тоқуров Өтен Борамбайұлы

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2009 год

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 2 июня 2009 года N 315/6. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 29 июня 2009 года за N 12-3-234. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата города Экибастуза Павлодарской области от 7 мая 2010 года N 3-05/74)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата города Экибастуза Павлодарской области от 07.05.2010 N 3-05/74).

      В соответствии  с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", решением Экибастузского городского маслихата (очередная XI сессия, IV созыв) от 25 декабря 2008 года N 129/11 "О бюджете города Экибастуза на 2009 год", в целях  поддержки малоимущих лиц (семей), проживающих в сельской местности, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый состав комиссии по назначению единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам (семьям), проживающим в сельской местности  города Экибастуза (далее - Комиссия) согласно приложению.
      2. Установить, что право на получение единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов имеют малоимущие лица (семьи), проживающие в сельской местности города Экибастуза, имеющие совокупный месячный доход ниже установленного прожиточного минимума.
      3. Для получения единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов, необходимо представить в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" следующие документы:
      1) заявление;
      2) справки, подтверждающие доход всех членов семьи;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) справку о наличии подсобного хозяйства;
      5) регистрационный номер налогоплательщика (ксерокопия);
      6) удостоверение личности (ксерокопия);
      7) номер лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня.
      4. Единовременная материальная помощь на приобретение грубых кормов назначается решением Комиссии.
      5. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" осуществлять финансирование единовременной материальной помощи в рамках годового бюджета города на 2009 год.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Курманову А.А.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза                     Н. Набиев

Приложение    
к постановлению акимата
города Экибастуза 
от 2 июня 2009 года 
N 315/6       

Состав комиссии по назначению единовременной материальной
помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам
(семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза

      Сноска: Приложение с изменениями, внесенными постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 17.07.2009 года N 419/7.

Тулеубаев Сансызбай Сапарович

- заместитель акима города Экибастуза, председатель комиссии;

Аристанов Серик Аубакишевич

- начальник государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", заместитель председателя комиссии;

Камзенова Дамеш Баянжановна

- главный специалист государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", секретарь комиссии;

Члены комиссии

Аманова Бибигуль Мубараковна

- заместитель начальника государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза";

Базарбаева Алия Кокишевна

- заместитель начальника государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза";

Токуров Отен Борамбаевич

- главный специалист государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".