Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (ІV шақырылған кезекті ХI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 129/11 шешіміне сәйкес, ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға отбасының жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда біржолғы материалдық көмек алу құқық белгіленсін.
3. Біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
1) өтініш;
2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ксерокөшірмесі);
6) жеке басының куәлігі (ксерокөшірмесі);
7) "Қазақпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
4. Жеп-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусым N 315/6 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін
біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009.07.17 N 419/7 қаулысымен.
Төлеубаев Сансызбай Сапарұлы |
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Серік Әубәкішұлы Арыстанов |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Дәмеш Баянжанқызы Қамзенова |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттағы азаматтармен жұмыс бойынша секторының бас маманы, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері | |
---|---|
Бибігүл Мүбаракқызы Аманова |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; |
Әлия Қоқышқызы Базарбаева |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; |
Тоқуров Өтен Борамбайұлы |
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы. |