Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының37–бабына сәйкес, және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін 2009 жылға арналған біржолғы материалдық көмек беру туралы" (12-3-234 N-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, және 2009 жылғы 2 шілдедегі N 27 "Отарқа" және 2009 жылғы 2 шілдедегі N 27 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 315/6 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
Төлеубаев Сансызбай Сапарұлы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
Тоқуров Өтен Борамбайұлы, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан Құрманова Айзада Амангелдіқызы, Мнанов Серік Күлбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев