Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес және тиiстi Өтес ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Әуелбек селолық округі әкімінің 14.06.2013 N 1 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Селолық округ орталығынан Өтес ауылына кіре берісінен бастап N 1 атауы жоқ көшесiне "Мектеп";
селолық округ орталығынан Өтес ауылына кіре берісінен бастап N 2 атауы жоқ көшесiне "Орталық";
селолық округ орталығынан Өтес ауылына кіре берісінен бастап N 3 атауы жоқ көшесiне "Жастар".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Селолық округ әкімінiң 2008 жылғы 15 желтоқсандағы "Өтес ауылындағы көшелерге ат қою туралы" N 11 шешімнің күшi жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
Әуелбек селолық округінің әкімі М. Әбілдинов