Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 12 "Өтес ауылындағы көшелерге ат қою туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 қаңтарда N 12-4/54 тіркелген, 2009 жылғы 31 қаңтарда N 5 (8764) аудандық "Ауыл тынысы" газетінде, 2009 жылғы 31 қаңтарда N 5 (6071) аудандық "Пульс села" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Шешімнің кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім М. Әбілдинов