Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 20/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 118/8 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 12 тамызда 2009 жылғы N 12-9-95 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 5/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.01.22 N 5/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 20/2 қаулысымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2009 жылғы 17 наурыздағы N 12-9-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда аудандық "Аққу үні" газетінің N 22-23 (7313) санында жарияланған) ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқаулыққа келесі толықтырулар енгізілсін:
      Нұсқаулықтың 2-тармағы келесі мазмұндамадағы 32)-тармақшамен толықтырылсын: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, пәтерлерге ағымды жөндеу жұмысын жүргізу.
      Нұсқаулықтың 3-тармағының 2-тармақшасындағы 30) санынан кейін 32) саны толықтырылсын.
      Нұсқаулықтың 4-тармағы келесі мазмұндамадағы 21)- тармақшамен толықтырылсын: 2-ші тармақтың 32)-тармақшасында көрсетілген санаттарға – аталған әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғанын жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, СТН-і, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, селолық округ әкімінің атынан тұрмыс жағдайын тексеру актісі.
      2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года N 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"

Постановление акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 23 июля 2009 года N 118/8. Зарегистрировано Управлением юстиции Лебяжинского района Павлодарской области 12 августа 2009 года N 12-9-95. Утратило силу - постановлением акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 22 января 2010 года N 5/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 22.01.2010 N 5/1.

      В соответствии с подпунктом 14 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц приравненных к ним" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В Инструкцию о социальных выплатах отдельным категориям граждан района, утвержденных постановлением акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года N 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 12-9-86, опубликовано в газете "Аққу үні" 19 марта 2009 года N 22-23 (7313)) внести следующие дополнения:
      пункт 2 Инструкции дополнить подпунктом 32) следующего содержания: Инвалиды и участники Великой Отечественной войны на проведение текущего ремонта квартир;
      подпункт 2 пункта 3 Инструкции после цифры 30) дополнить цифрой 32);
      пункт 4 Инструкции дополнить подпунктом 21) следующего содержания: Для категории, указанной в подпункте 32) пункта 2- заявление лица, имеющего право на данную социальную помощь, с указанием лицевого счета, РНН, копия удостоверения личности, копия книги регистрации граждан, акт обследования жилищно-бытовых условий, выданный акимом сельского округа.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам.

      Аким района                                С. Апсаликов