Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.01.22 N 5/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 20/2 қаулысымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2009 жылғы 17 наурыздағы N 12-9-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда аудандық "Аққу үні" газетінің N 22-23 (7313) санында жарияланған) ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқаулыққа келесі толықтырулар енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-тармағы келесі мазмұндамадағы 32)-тармақшамен толықтырылсын: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, пәтерлерге ағымды жөндеу жұмысын жүргізу.
Нұсқаулықтың 3-тармағының 2-тармақшасындағы 30) санынан кейін 32) саны толықтырылсын.
Нұсқаулықтың 4-тармағы келесі мазмұндамадағы 21)- тармақшамен толықтырылсын: 2-ші тармақтың 32)-тармақшасында көрсетілген санаттарға – аталған әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғанын жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, СТН-і, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, селолық округ әкімінің атынан тұрмыс жағдайын тексеру актісі.
2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов