2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 20/2 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 86 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 5/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.01.22 N 5/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасының негiзiнде аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы (бұдан әрi - Нұсқаулық).
      2. Ауданның қаржы бөлiмi әлеуметтiк төлемдердi уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                С. Әпсалықов

Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы
17 ақпандағы N 20/2 қаулысына
қосымша        

Ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына
әлеуметтiк төлем тағайындау туралы
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы жағдайы

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау  туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр сұрақтары туралы" N 754 қаулысына сәйкес жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша ауданның жекелеген санаттағы қажет ететiн азаматтарына әлеуметтiк көмек көрсету жағдайларын нақтылайды.

2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары

      2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдердi алуға мына азаматтар құқылы:
      1) Ұлы Отан Соғысына (ары қарай ҰОС) қатысқандар және мүгедектер, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейiн кем дегенде 6 ай жұмыс iстегендер және бұрынғы Одақ орденi және медальдарымен марапатталмағандар, ҰОС қатысып қайтыс болғандардың жұбайларына, ҰОС кезiнде қайтыс болған әскери қызметкерлердiң қайталап неке құрмаған жұбайларына, ауған соғысына қатысқандар, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, жеңiс күнiне орай бiрмезгiлдiк "Қайсарлы еңбегi үшiн" медалiмен марапатталған тыл еңбектерлерi;
      2) Жерлеу рәсәмән орындау үшін "Лебяжi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде есепте тұрған жұмыссыз статусы бар қатарынан қайтыс болғандар отбасылары;
      3) Қосалқы шаруашты жайластыруға және дамытуға арналған 2009-2010 жылдары жоғарғы және орта оқу орындарын бiтiрген жас мамандар;
      4) Дәрi-дәрмек сатып алу үшiн 18 жасқа дейiнгі кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдер;
      5) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      6) Жоспарланбаған өмiрлiк шығындар және төтенше жағдайларда күн көрiс қаражатынсыз қалған азаматтар;
      7) Отбасы кiрiс белгiленген кедейшiлiк шегiнен аспайтын аз қамтамассыз етiлген азаматтар, оларды құжаттандыру үшiн;
      8) Облыс алдындағы ерен еңбектерi бар зейнеткерлер;
      9) Қазақстан Республикасы шегiнде медициналық мекемелерде квота бойынша тексерiлген және емделудi өтiп жатқан азаматтар;
      10) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, дәрi-дәрмек сатып алуға;
      11) Облыс әкiмiнiң грантымен оқитын аз қамтамасыз етiлген отбасынан және жетiм балалар, жылына екi рет оқуын төлеуге;
      12) Мүгедек балалар;
      13) Амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулезбен ауыратындар, 6 ай бойы 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде күшейтiлген тамақтануға (бұдан әрi АЕК) және туберкулезге қарсы мекемелерге тегiн жетуге;
      14) Онкологиялық аурумен ауыратындар, дәрумендеуге және күшейтiлген тамақтануға;
      15) Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға теңестiрiлгендер, тiстерiн протездеуге;
      16) Облыс және аудан әкiмдерiнiң грантымен оқитын студенттердiң жолақысына және күнкөрiсiне;
      17) ЧАЭС авариясының зардаптарын жоюға қатысқандар және ауған соғысына қатысқандар емделуге;
      18) Кезеңдiк басылымдарға жазуды рәсiмдеу үшiн ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға теңестiрiлгендер;
      19) "Лебяжi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде есепте тұрған жұмыссыздар, кәсiптiк оқытуда жүрген уақытта;
      20) Тiрек-қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар;
      21) Зейнетақы мөлшерi төмен зейнеткерлер, жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары ҰОС мүгедектерiнен айырылғандардың жұбайлары, бейбiтшiлiк кезiнде қаза болған жауынгерлердiң отбасылары, ҰОС қатысқандар мен мүгедектер, ЧАЭС зардаптарын жоюға қатысқандар, интернационалист жауынгерлер, (2 АЕК) мөлшерiнде тоқсан сайын коммуналдық тұрғын қызметi шығындарын өтеуге; жалғызбасты қарттар және жұмысқа жарамсыз азаматтар ҰОС қатысқандар, I топ мүгедектерi, бiрмезгiлдiк материалдық көмекретiнде көмiр сатып алуға;
      22) Стационарлық емдеуде жүрген туберкулездiк аурулар, (5 АЕК) бiрмезгiлдiк көмек;
      23) Ауғанстан әскери iс-қимылдарына қатысқандар, Ауғанстаннан әскерлердi шығару күнiне орай бiрмезгiлдiк;
      24) ЧАЭС зардаптарын жоюға қатысқандар, отанды қорғау күнiне орай бiрмезгiлдiк;
      25) Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер пәтерлiк телефондарының абонентiк төлемдi төлеуге;
      26) Атаулы әлеуметтiк көмек алушылар жеке аула шаруашылығын дамытуға және жем сатып алуға;
      27) I, II топ мүгедектерi, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушылар, азық-түлiк бағаларының өсуiне байланысты (2 АЕК);
      28) Бейбiтшiлiк уақытта қаза болған жауынгерлердiң отбасылары, ЧАЭС зардаптарын жоюға қатысқандар және ауған жауынгерлерi, азық-түлiк бағаларының өсуiне байланысты тоқсан сайын бiрмезгiлдiк;
      29) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, Жеңiс күнiне орай сыйлықтар жиынтығы;
      30) Интернационалист жауынгерлер, "Ауғанстанан әскерлердi шығарудың 20 - жылдығына" мерейлiк медальдарды сатып алуға;
      31) Жүктiлiгi бойынша 12 аптаға дейiн тiркеуге тұрған жүктi әйелдер, тiркеуге ерте тұрғызуды қамту үшiн бiрмезгiлдiк;
      32) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, пәтерлерге ағымды жөндеу жұмысын жүргізу;
      33) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар (Семей ядролық сынақ полигонына қатысушылар), кәмелетке толмаған концлагер тұтқындары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасындағы тұл жетім мен ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасының балалары, бір және одан көп мүгедектері бар отбасылары, 2010 жылғы облыстық және аудандық газеттерге жазылуға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009.07.23 N 118/8; 2009.10.27 N 204/10 қаулыларымен.

3. Әлеуметтiк көмек тағайындау тәртiбi

      3. Әлеуметтiк төлемдер құқығы бар тұлғаларға тағайындалады:
      1) 45100700332 бюджеттiк бағдарлама негiзiнде "Жергiлiктi өкiлеттi органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлем" бюджеттiк бағдарлама және өтiнiш берушiнiң толық пакет құжаттарын қарастыру үшiн әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру бойынша аудандық комиссияның шешiмi негiзiнде 2 тармақтың мына тармақшаларында көрсетiлген санаттарға 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 12), 14), 15), 17), 18), 20), 23), 24), 25), 31);
      2) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасының мүгедектерiн әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес 1), 5), 11), 13), 16), 19), 21), 22), 26), 28), 30), 32) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009.07.23 N 118/8 қаулысымен.

4. Әлеуметтiк көмек алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

      4. Нұсқаулықтық 1 пунктiнде көрсетiлген жекелеген санаттағы қажет ететiн азаматтар әлеуметтiк көмек алу үшiн келесi құжаттар қажет:
      1) 2 пунктiң 1),10),15),18),21),29) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға - зейнетақы және мемлекеттiк орталығының Лебяжiлiк филиалы ұсынған тiзiмдерге байланысты, селолық округ әкiмдiктерi ұсынған тiзiмдерге, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейiн жұмыс жайлы мәлiметi бар құжаттар және еңбек кiтапшасының көшiрмесi, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейiн әскери қызметкезеңi жайлы мәлiметi бар анықтама немесе әскери билет, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      2) 2 пункттiң 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк төлемдердi алуға құқығы бар тұлғаның өтiнiшi, шотының номiрi, СТН-ның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi селолық округi әкiмдiгi құрған өтiнiш берушiнiң отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi, жұмыс iстейтiн отбасы мүшесiнiң кiрiсi жайлы анықтама, отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелерiне жұмыспен қамту бөлiмiнен анықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      3) 2 пункттiң 2) тармақшада көрсетiлген санаттарға - жерлеудi жүзеге асырып жүрген туысқанынан өтiнiш, шотының нөмiрi, СТН, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, қайтыс болғанның қайтыс болуы жайлы куәлiгiнiң көшiрмесi және статусын дәлелдейтiн аңықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      4) 2 пунктiң 3) тармақшада көрсетiлген санаттарға - осы әлеуметтiк төлемдi алуға құқылы тұлғаның өтiнiшi, шоты, СТН–ны жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, ЖОО немесе ООО бiтiргенi жайлы дипломның көшiрмесi, жұмысқа қабылданғаны жайлы бұйрық, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      5) 2 пунктiң 4) тармақшада көрсетiлген санаттарға - тұлғаның жеке шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-ны, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрғылықты жерден анықтама, мүгедектiк туралы шешiмнiң көшiрмесi, кәмелетке толмаған баларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмесi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      6) 2 пунктiң 5) тармақшада көрсетiлген санаттарға - тұлғаның жеке шоты, СТН-ны көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, бас бостандығынан айыру мекемесiнен босатылғаны жайлы аңықтамасының көшiрмесi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      7) 2 пунктiң 7) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк төлемдi алуға құқығы бар тұлғаның өтiнiшi, жеке шотының нөмiрi, СТН-ның, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, селолық округ әкiмдiгi жасаған өтiнiш берушiнiң отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi, өрттiң, басқа да зардаптан пайда болған шығымды растайтын құжат немесе тұрғындардың әлжуаз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiретiн комиссияның жағдайдың жоспардан тыс екенi жайлы шешiмi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      8) 2 пунктiң 9) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған көмектi алуға қуқығы бар тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-ны, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы, емделуден немесе тексерiстен өткенiн нақты дәлелдейтiн құжаттың көшiрмесi, екi жақты билет пайдаланылған, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      9) 2 пунктiң 11), 16) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға – студенттiң жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-ны, оқытуға арналған студентпен 3 жақты құрылған жоғарғы оқу орнының шартының көшiрмесi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      10) 2 пунктiң 12) тармақшада көрсетiлген санаттарға -  азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және 3 ТМО-мен келiсiлген жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiзiмiне байланысты, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      11) 2 пунктiң 13), 22) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға –  аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, туберкулезге қарсы ауруханадан анықтама, екi жақты билеттерi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      12) 2 пунктiң 14) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, онкологиялық ауруханадан анықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      13) 2 пунктiң 17), 23), 24), 28), 30) тармақшаларында көрсетiлген санаттарға – азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және 3 ТМО мен келiсiлген жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiзiмiне байланысты, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      14) 2 пунктiң 19) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнен анықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      15) 2 пунктiң 20) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, дәрiгерлiк-кеңес комиссиясының анықтама көшiрмесi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      16) 2 пунктiң 21) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, статусын растайтын куәлiктiң көшiрмесi, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      17) 2 пунктiң 25) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, телефоны бар екендiгiн растайтын құжат, энерго орталығынан электр жүйесiн төлеуге арналған шот, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      18) 2 пунктiң 26) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, материалды-тұрмыстық жағдайының актiсi, селолық округ әкiмiнiң қолдаухат, 3 жақты шарт, статусын нақтылайтын құжат, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      19) 2 пунктiң 27) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, асырап алуы жайлы шешiмнiң көшiрмесi, мүгедектiгi туралы анықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      20) 2 пунктiң 31) тармақшада көрсетiлген санаттарға - аталған әлеуметтiк көмектi алуға құқылы тұлғаның жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН-i, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, жүктiлiк мерзiмi көрсетiлген медециналық мекемеден анықтама, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      21) 2-ші тармақтың 32)-тармақшасында көрсетілген санаттарға – аталған әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғанын жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, СТН-і, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, селолық округ әкімінің атынан тұрмыс жағдайын тексеру актісі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды;
      22) 2-тармақтың 33)- тармақшасында көрсетілген санаттарға - өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тұлғасын растайтын анықтама көшірмесі, "Казпочта" АҚ-да ашылған жеке шотының көшірмесі, (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009.07.23 N 118/8; 2009.10.27 N 204/10 қаулыларымен.

5. Есеп және есеп беру

      5. Әлеуметтiк төлемдер жөнiндегi мәселесi шешiлетiң (хаттамалар, тексеру актiлерi, анықтамалар, тiзiмдер және т.б) алғашқы құжаттар үш жыл бойы "Лебяжi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде сақталады.
      6. "Лебяжi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ ай сайын 20-сы күнiне Лебяжi ауданының "қаржы бөлiмi" ММ бюджеттiк бағдарламалар бойынша әлеуметтiк төлемдер үшiн қажет қаражат туралы тапсырыс ұсынады.
      7. "Лебяжi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Лебяжi ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне әлеуметтiк төлемге қаражатты қолданғаны туралы есеп ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады