Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.12.06 N 50/10 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы "Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстаудың қағидалары туралы" N 71/14 (2009 жылғы 9 мамырдың "Сельские будни" газетінің 18 нөмірінде жарияланған, N 12-12-67 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
8 тараудын атауы келесі мазмұнда баяндалсын "Осы Қағидамен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылған іс-әрекеттер";
50 тармағында "Тиым салынады" деген сөз "Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылмайды" сөзімен өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихатының IV сайланған
XIX сессия төрағасы В. Латун
Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Байғожинов