Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстаудың қағидалары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 71/14 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде N 67 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қазандағы N 48/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.10.19 N 48/9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын күтіп ұстаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
      2. 2008 жылғы 6 наурыздағы "Ауданның елді мекендерін көріктендірудің, санитарлық тазалаудың, тазалықты ұстаудың ережелері туралы" N 25/5 (2008 жылғы 12 сәуірдегі "Сельские будни" газетінің 15 нөмірінде жарияланған, N 12-12-50 мемлекеттік нормативтік құқық актілер тізілімінде тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми басылымға жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың IV сайланған
      XIV сессия төрағасы                        С. Павленко

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т. Байғожинов

Успен аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 наурыздағы
IV сайланған XIV сессиясының
N 71/14 шешімімен бекітілген

Ауданда көріктендірудің және үй жануарларын
күтіп ұстаудың қағидалары

      Осы ереже Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республакасындағы мемлекеттiк  жергiлiктi басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, ауданда көрiктендiрудiң, санитарлық тазалаудың, тазалықты сақтаудың, ұйымдардың аумағын тазалаудың және заңды және жеке тұлғалардың қатынасын реттеу мақсатында әзiрлендi.
      Табиғат және оның байлығы Қазақстан Республикасы халқының табиғи тiрегi, олардың тұрақты әлеуметтiк–экономикалық дамуының және хал-ахуалының артуының негiзi болғандықтан осы ереженiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      азаматтардың экологиялық, санитарлық–эпидемиологиялық жағдайына және радиациялық қауiпсiздiгiне конституциялық құқығын жүзеге асыру;
      бүгiнгi және келер ұрпақтың денсаулығына жайсыз әсер етпейтiн қоршаған ортаны сақтау және тұрғындарды санитарлық–эпидемиологиялық жағдайын мемлекеттiң қамтамасыз ету принципiн жүзеге асыру;
      халықтың денсаулығын және санитарлық–эпимиологиялық жағдайын қорғау;
      әрбiр азаматтың санитарлық–эпидемиологиялық жағдай туралы толық ақпарат алуына, осы шешiмдердiң жүзеге асуы тұрғындардың денсаулығын және санитарлық–эпимиологиялық жағдайын мемлекеттiк басқару органдары, лауазымды адамдар қабылдайтын шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауға және талқылауға, әзiрлеуге қатысуға құқылы.
      Осы ереженiң мақсаты ауылдық аумақтарды жазғы және қысқы мерзiмде тазалау тәртiбiн анықтау, көлiк қозғалысының және жаяу жүрушінің қауіпсіз болуы үшiн тиiстi жағдай және тазалықты қамтамасыз ететiн жұмыстарды орындау барысына талап қою болып табылады.
      Ереже Успен ауданының аумағында орналасқан барлық ведомостволарға, кәсiпорындарға және ұйымдарға, ғимараттардың, құрылыстардың иелерi болып табылатын жалға алушыларға мiндеттi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережеде қолданылатын түсiнiктер:
      қалдықтар – өндiру және қолдану процессiнде пайда болған шикi зат, материал, жартылай фабрикат қалдықтары және сонымен қатар өзiнiң тұтынушылық қасиетiн жоғалтқан тауарлар;
      қатты тұрмысты қалдықтар (ҚТҚ) – тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пайда болатын қалдықтар (тұрғын үйлердi ағымдық жөндеуден пайда болатын қалдықтар қоса алғанда), от жағу орындарында от жағатын құрылғылардан түсетiн қалдықтар, түскен жапырақтар және үй шаруашылығының iрi құралдары;
      санитарлық тазалау – қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, қайта өндеу және көму;
      қалдықтарды шығару – қалдықтарды арнайы бөлiнген жерге апару;
      аумақты көріктендіру – ауданның әкімшілік аумағында адамның жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін жасалған элементтер мен жұмыстар жиынтығы;
      инженерлік жүйе және құрылғылар, байланыс - инженерлік көріктендіру тұрғындармен кәсіпорындарды жылумен сумен, электрмен, байланыспен қамтамасыз етудің, сонымен қатар аудан аумағындағы беткі қабаттардағы судан тазартудың басты элементі;
      көк шалғындар – сәулет ландшафтық әсемдеу және көріктендіру деңгейін көтеру және санитарлық гигиеналық жағдайды жақсартудың жоспарлық шешімінің элементі;( гүлзарлар, ағаштар газондар);
      жер жұмыстары - қазу, қайта көму, шұңқырлар қазу істерімен байланысты жұмыстар;
      жерді пайдаланушы - аудан аумағында жерді пайдалану құқы бар немесе жеке меншік жер учаскесі бар жеке немесе заңды тұлға;
      аумақ бөлу - жергілікті мемлекеттік органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының меншігіне объекті орнату( ғимарат, құрылыс, транспорт магистралі және т.б) үшін берілген жер учаскесі;
      қалдықтарды залалсыздандыру қалдықтарды өңдеу, соның iшiнде қалдықтарды адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiне жол бермеу мақсатында арнаулы учаскелерде оларды өртеу және залалсыздандыру;
      қоқыс шығару – мамандандырылған ұйым көрсететiн коммуналдық қызмет, қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру, қайта өңдеу және көму;
      мамандандырылған ұйым – арнаулы көлiгi бар және қоқыс шығару саласында кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
      қоқыс шығаруға арналған тариф-қызмет көрсетуге қажеттi шыққан шығынды толығымен қайтаруды және кiрiс алу мүмкiндiгiң ескеретiн, мамандырылған ұйымның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган бекiткен қызмет бағасы;
      қоқыс төгетiн орын, қоқыстарды көметiн және жинауға арналған жалпы пайдалану үшiн арнаулы орын;
      үй жай – тұрғын үйлер (үй – пәтер) және тұрғын үй емес (әкiмшiлiк, сауда, өнеркәсiптiк, мәдениет тұрмыстық және тағы басқа бағыттағы) ғимарат;
      өкiлеттi орган – құқықтық қатынастар саласында өкiлеттiлiк берiлген мемлекеттiк орган.
      2. Аудан аумағын тазарту және жинау жүйесi аудан аумағында жиналған көше қоқысын және басқа тұрмыстық қалдықтарды жылдам жинау, экономикалық тиiмдi тұрмыстық қалдықтарды тиiмдi пайдалану, залалсыздандыруды (шаруашылық-тұрмыстық, соның iшiнде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, сауда кәсiпорындарынан, қоғамдық тамақтандыру және мәдени тұрмыстық бағыттағы) қарастырады және үй-жайларды және жалпы пайдаланылатын аумақтарды жазғы және қысқы мерзiмде күтiп ұстауды қоса алады.
      3. Ауыл аумақтарының санитарлық жағдайын өз деңгейiнде қамтамасыз ету үшiн санитарлық тазалау жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру жүйелi – жоспарлы және өтiнiш тәртiбiнде мемлекеттiк коммуналды шаруашылық және жеке сектордың арнаулы көлiгiмен жүзеге асырылуы тиiс.
      4. Жоспарлы жүйенi және қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру санитарлық–эпидемиологиялық қызметтiң келесiмi бойынша өкiлеттi органмен анықталады.
      5. Жалпы пайдалану орындарын тазалау шарт негiзiнде арнаулы кәсiпорынға жүктеледi. Бөлiнген учаскелер аумағын жинауға субъектiлердi бекiту нақты жердi пайдалану шекарасында немесе атқарушы органмен шарт жасау негiзiнде бекiтiледi.
      6. Тұрғын үйлерге кiреберiс жолдарды, аула аумақтарын тазалау жеке үй иелерiне жүктеледi:
      көшелер, үй арасындағы жолдар, егiлген ағаштар, тротуарлар; мамандандырылған пайдалану ұйымдары;
      аумақтар мен тротуарлар;
      осы араға орналасқан шекаралас ұйымдарға, кәсiпорындарға, басқармаларға жүктеледi.
      7. Жанар – жағар май құю станциялары (ЖМС) орналасқан 15 метр радиустағы аумақты тазалықта күтiп үстау және тазалауды ЖМС қызметкерлерi жүзеге асырады.
      8. Сауда нүктелерi орналасқан 5 метр радиустағы аумақтарды жинау және тазалау жөнiндегi жұмысты меншiктiң барлық түрiндегi сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етедi.
      9. Кәсiпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, баздардың, оларға кiре берiс аумақтарды тазалау осы ұйымдардың немесе мамандарылған ұйымдардың құралдарының күшiмен жүзеге асырылады.
      10. Ауылдық аумақтардың басқа учаскелерiн (стадиондар, базарлар, жәрменке өткiзу орындары, ашық автомобиль тұрақтары, ауыл шаруашылық жерлерi) тазалықта ұстау жердi пайдаланушыларға жүктеледi.
      11. Құрылыс, күрделi және ағымдағы жөндеу объектiлерiне жақын аумақтарды тазалақтау ұстау, осы жұмыстарды орындайтын құрылыс – жөндеу ұйымдарына жүктеледi.
      12. Ойпаң жердегi учаскелер аумағының жауын суы немесе тасқын су басып кету қауыпының алдын алу мақсатында су құбырлар жүйесiн тазалау осы құрылыстар балансында тұрған тиiстi қызметтер кемiнде екi рет тазалайды.
      13. Қатты және сұйық қалдықтарды залалсыздандыру үю және көму арнаулы бөлiнген учаскелерде өткiзiледi.
      14. Қалдықтарды арнаулы бөлiнбеген жерге апарып төгуге және ауыл шарушалығы алаңдарына апарып көмуге тиым салынады.
      15. Көрiктендiру және аумақтарды тазалау жөнiндегi жұмыс қысқы және жазғы болып бөлiнедi, ол жүйелi, мерзiмдi түрде және апат кезiнде жүргiзiледi.
      16. Жүйелi түрге сыпыру, жуу, су құю, қар күреу және мұздан тазарту жатады.
      17. Мерзiмдi түрге түскен жапырақтарды жинау, су құбырын тазалау, жол бойындағы шөптердi шабу жатады.
      18. Апат кезiндегi түрге (қар жауғанда, көк тайғақта, боран болғанда) жолдарға құм-тұз, хлорид және басқа да реагенттер себу, қарды күреу және жинау, жол қиылыстарын қардан тазалау жатады.

2. Жалпы пайдаланылатын орындарды
күтiп ұстау және тазалау

      19. Парктердi, көпшiлiк демалатын және басқа да жалпы пайдаланылатын орындардың аумағы осы ереженiң бiрiншi бөлiмiнде бекiтiлген талаптарға сәйкес ұсталады.
      20. Барлық алаңдар мен көшелерде, басқа жерлерде де жеткiлiктi түрде урна қойылуы тиiс.
      21. Урналарды тазалау олар толысымен жүйелi түрде өткiзiледi.
      22. Урналарды таза ұстауға өзiне бекiтiлген аумақты тазалауды жүзеге асыратын ұйымдарға, кәсiпорындарға және мекемелерге жүктеледi.
      23. Сауда ғимараттарында, офистерде, үй жайларда иелерi урнаны кiре берiске қояды.
      24. Урна таза ұсталуы тиiс, толысымен тазартылады, кем дегенде жылына екi рет сырланады.
      25. Бос жәшiктердi және тауар қорын дүңгершектер мен дүкендер жанында жинауға, сондай–ақ маңайдағы аумақты қойма ретiнде пайдалануға тиым салынады.
      26. Егiлген ағаштар ведомствалық иесiне қарамастан мемлекеттiк қор болып табылады және қатаң түрде заңмен қорғалады.
      27. Заңды және жеке тұлғалар өздерiне бекiтiлген аумақта:
      1) егiлген ағаштардың сақталуын қамтамасыз етуге, ол үшiн толық агротехникалық шаралар кешенiн өткiзуге, атап айтқанда: суғару, отау, құрғақ бұтақтарын кесу, ағаш дiңiн тазалау, түбiршектерiн алып тастау, тыңайтқыш салу, кесiлген жерлерiн дизинфекциялау, сондай-ақ арам шөптердi жою үшiн механикалық өңдеу жүргiзуге;
      2) жүйелi түрде ауыл шаруашылығының зиянкестерiмен, арам шөптермен өз күшiмен күрес жүргiзуге;
      3) жапырақ түсетiн мерзiмде түскен жапырақтарды жинау, жиналған жапырақтарды арнаулы бөлiнген учаскеге апаруға, жапырақтарды түрғын үйлер аумағында және парктерде өртеуге тиым салынады;
      4) жасыл қордың сақталуын қамтамасыз етедi.
      28. Жердiң жоғарғы қабатын бұзу мен байланысты өндiрiстiк және құрылыс ұйымдары меншiк түрiне қарамастан жердiң жоғарғы құнарлы қабатын сақтап, пайдалануға сондай–ақ жұмыс барысында бүлiнген жер учаскелерiн құрылыс аяқталысымен өз есебiнен қалпына келтiруге мiндеттi.

3. Көшелер мен жол құрылыстарын
күтіп ұстау тәртібі

      29. Көшелер, жолдар және жол құрылымдары жалпы пайдалануға арналған мемлекеттік меншік болып табылады.
      30. Көлікпен тасымалданатын көшелерді ластайтын жүктер көшелерді ластамау үшін дұрыс жабылуы тиіс.
      31. Барлық көше пайдаланушылардың және көліктерді кедергісіз өтуге жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
      32.Тиым салынады:
      1) көк шалғындарды, жол қозғалысын реттейтін құралдарды, белгілерді, жол құрылғыларын және жолдар мен көшелерді бұзуға;
      2) көшелер , жолдар, құрылыстар және ғимараттарға кіре беріс жолдар мен сонымен қатар өрт су көздері қоршауға.
      33. "Успен ауданы автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, тұрғын-коммуналдық бөлімі" (бұдан әрі - ТКШ бөлімі) мемлекеттік мекемесі берген жолдарды бұзуға байланысты жазбаша рұқсат (ордер) бар болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар жер жұмыстарын жүргізе алады.

4. Үй жайларды күтiп ұстау және тазалау

      34. Үй жайларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүйелi тұрде жоспар бойынша өткiзiледi.
      35. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көлiкпен шығарылады, сұйық қалдықтар ассенизатор көлiгiмен шығарылады.
      36. Меншiк иесiнiң қолында мамандарылған ұйыммен қоқыс және тұрмыстық қалдықтарын шығару қызметiне, шығару кестесiне шарты, орындалатыны жұмысқа төлемақы болса қоқыстың өз уақытында шығарылмауына шарт жасалған мамандандырылған ұйым жауапты.

5. Ғимараттардың алды мен
аумақтарын көріктендіру туралы

      37. Ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды сәулет келбетін сақтау үшін, оларға сауда орындарын орналастыру кезінде, осы объектілерді пайдаланушылар құрылыс және сәулет органдарымен келісілген және дайындалған жобаға байланысты ғимараттың және оларға жанаса орналасқан аумақтарды көріктендіру шараларын орындау қажет.
      38. Шаралар келесі жұмыстардың орындалуымен қоса жобада қарастырылған көлемде:
      1) ғимараттардың алдын ұрлеу (сырлау, ақтау);
      2) Орнатылған күнқағарлар ғимараттың жалпы келбетіне сәйкес болуы тиіс;
      3) аумақты көріктендіру жұмыстары бойынша тротуарлар жасау, көліктері тұрағы және кіре беріс жолдарын, көк шалғындар, газондар жасау;
      4) көріктендірудің элементтерін орнату - көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағында орындықтар, балалар ойнайтын алаң, қоршаулар, урналар, орындықтар орналастыру;
      5) көшеге жарық беру шамдарын орнату (түрлi түстi жарнамалар) маңындағы ғимарат аумағын жарықтандыруға жеткілікті;
      6) бірыңғай сәулеттік стильге сай маңдайшаларды бекіту керек.
      39. Кәсіпорындар, мекемелер, үй құрылыстарының иелері:
      1) ғимараттың техникалық қауіпсіздігін, шаруашылық және тұрмыстық құрылыстардың, олардың сыртқы келбетін дұрыс ұстау, жөндеу жүмыстары уақытылы жүргізілуі керек;
      2) құрылыс және сәулет органдарының жобалары бойынша көк шалғындар отырғызу, арам шөптерді жүйелі түрде жойып отыру қажет.

6. Инженерлiк құрылыстарды және
коммуникацияларды тазадау және
күтiп ұстау тәртiбi

      40. Құрылыстар мен коммуникациялардың жобасын әзiрлеу барысында жобалау ұйымдары:
      1) құрылыс учаскесiндегi ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн әзiрлеуге;
      2) құрылыс жұмысының сметасында қалпына келтiрудiң төлем ақысы, егер ағаштар қайта отырғызылған жағдайда ағаштарды қайта егу жұмысының қосымша төлем ақысын қарастыруға мiндеттi.
      41. Құрылыс жүргiзiлетiн мерзiмге құрылыс ұйымына негiзгi магистраль бойымен салынып жатқан құрылыстан 600 м ұзындықпен күн сайын тазалау үшiн жол учаскесi бекiтiледi.
      42. Бұзылған құрылыс орнындағы құрылыс алаңдары құрылысты бұзу басталғанға дейiн периметр бойынша толық қоршалуы тиiс.
      43. Шектелген жерде көлiк саны аз болуы керек.
      44. Аудан ауылдарының аумағындағы көшелердегi, магистральдардағы, ауыл iшiндегi жер және құрылыс жұмыстарын заңды және жеке тұлғалар осындай жұмыстарды атқару құқығын рұқсат беретiн өкiлеттi органның келiсiмiмен бекiтiлген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
      45. Сусымалы және көшелердi ластайтын басқа да жүктер көшелердi ластамау үшiн ұқыпты жабылуы тиiс.

7. Елі мекендердің аумағындағы
құрылыстарды бұзу және сұрыптау

      46. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдылықты қамтамасыз етілгеннен кейін тозығы жеткен құрылыстардан аумақты тазарту жұмыстары жүргізіледі.
      47. Осы жұмыстар қажетті машиналар мен механизмдердің және осы жұмысты атқара алатын жұмысшыларды тарту мен атқарылады.
      48. Ғимараттардың үш метрден асатын жер асты шұңқырлары мен траншеялар көмілуі тиіс.
      49. Бұзу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер учаскесі рекультивацияға жатады.

8. Осы Қағидамен жеке және заңды
тұлғаларға ұсынылған іс-әрекеттер

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 110/19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      50. Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылмайды:
      1) көшеде, тротуарға, үй жанындағы газондарға құрылыс материалдарын, ағаш, көмiр, шөп, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минаралдық тыңайтқыштар және басқа да материалдар үюге;
      2) Алынып тасталды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16 шешімімен.
      3) жолдың көлiк жүретiн бөлiгiнде және тротуарларда қоршалмаған канализация, су құбырлары және басқа да құдықтарды ашық қалдыруға;
      4) Алынып тасталды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16 шешімімен.
      5) сусымалы және сұйық заттарды жабдықталмаған кузовтармен тасуға;
      6) жол жөндеу жұмыстарын жүргiзгенде құрылыстарды бұзуға (жолдарды, бордюрлердi, құдық қақпақтарын т.б.), сондай-ақ оларды топырақпен жабуға;
      7) канализация мен су құбырларындағы апат салдарын жөндегенде тротуарларға, газондарға, көшенiң көлiк жүретiн бөлiгiне су жiберуге;
      8) кәсiпорындар, ұйымдар аумағанда, көшелерде, тұрғын үй аласында, жеке учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
      9) ағаштарды электр желiсiн, сымдарды тартуға, алтыбақан орнату үшiн пайдалануға тиым салынады.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16; 2009.12.25 N 110/19;  шешімдерімен.

9. Итпен мысықтарды күтiп ұстау

      51. Жануарлардың иелерi:
      1) оларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстауға, ауырған жағдайда оларға ветеринарлық көмек көрсетуге;
      2) алынып тасталды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16 шешімімен.
      3) мемлекеттiк ветеринарлық қызметкерлердiң талабы бойынша оларды диагностикалық тексеруге және емдеу шараларын өткiзуге апаруға;
      4) айналадағы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге шара қабылдауға;
      5) ұстай алатын мүмкiндiгi болмаған жағдайда оларды басқа қолға немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;
      6) ұстаған жануарларының өлiгiн тек арнаулы бөлiнген жерге ғана көмуге мiндеттi.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16 шешімімен.
      52. Мыналарға:
      1) иттердi тұмылдырықсыз серуенге және көпшiлiк жалпы пайдаланатын орындарға шығаруға;
      2) иттердi жалпы пайдаланылатын орындарда ұстауға;
      3) иттердiң жалпы пайдаланылатын орындарды, балалардың спорт алаңдарын, газондарды, тротуарларды т.б ластауына тиым салынады.
      Иттердiң газондар мен тротурарларды қоса алғанда қоғамдық орындардағы нәжiстерiн олардың иелерi жинауға мiндеттi.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2009.07.03 N 90/16 шешімімен.

10. Заңды және жеке тұлғалар
қағидаларының бұзуына жауапты

      53. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес осы қағиданың бұзылғанына кінәлі жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіргеннен материалдық залал өтеу міндеттерінен, әкімшілік жауапкершілік шарасын қолданудан және жіберілген бұзушылықты жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады