Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 19.07.2024 жылғы № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 767 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінің № 21 және 2008 жылғы 21 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінің № 24-25 сандарында жарияланған, "ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 шешімімен өзгерістер енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 777 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қыркүйекте "Алматы ақшамы" газетінің № 102 және 2008 жылғы 23 тамызда "Вечерний Алматы" газетінің № 101 (10991) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде:
2 тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) коммуналдық қалдықтардың құрамдас бөлігі болып табылатын тұтынылған тұрмыстық қалдықтар.";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Өкілетті орган - Алматы қаласының әкімдігі қала аумағын көріктендіру және тазалауды ұйымдастырумен байланысты функцияларды орындауға өкілеттік берген мемлекеттік орган.";
мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
"15) Қоқысты сыртқа шығарушы ұйым – арнайы көлікпен коммуналдық қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйым.
16) Арнайы көлік – шығарушы зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес келетін және санитарлық ережелерді сақтай отырып, қалдықтарды шығаруға негізделген, тығыздайтын құрылғымен және стандартты контейнерлерді іліп алып, көтеруге арналған, тиегіші бар құрылғымен жабдықталған көлік құралы.
17) Коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде жинақталатын тұтыну қалдықтары, сонымен бірге адам өмірінің тіршілігінде пайда болатын қалдықтар, сондай-ақ құрамы мен пайда болуының сипаты жағынан оған жақын өндіріс қалдықтары.
18) Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың Бас схемасы - Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың тәртібін айқындайтын құжат, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітіледі.
19) Қалдықтардың есебін жүргізу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларын жинаудың және ақпараттар берудің және олармен жұмыс істеу әдістерінің жүйесі.";
17 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланудағы демалыс аймақтары, саябақтар, жағалаулар) бойынша -өкілетті орган арқылы;";
109 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Заңды тұлғалардан (оның ішінде ПИК-тер, ҮИТК-тер және т.б.), қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен ҚТҚ тасымалдау өкілетті орган өткізетін қоқыс шығару жөніндегі конкурсты (тендерде) жеңіп алған қоқыс шығарушы мердігер ұйымдармен жасалған келісім шарттар негізінде жүргізіледі";
110 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"110. ҚТҚ-ны тасымалдауды ҚТҚ-ны жинақтаудың заңнамалық нормаларына сәйкес арнайы көлігі бар және ҚТҚ-ны сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынасы бар қоқыс шығарушы ұйымдар жүзеге асырады.
Қоқыс тасымалдау ұйымдары кестеде (ҚТҚ-ды тасымалдау туралы шартқа қосымша) көрсетілген мерзімдерде қоқыстарды әкету қызметтерін көрсетуі және ҚТҚ сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындарға ҚТҚ жеткізіп беруі тиіс.";
113 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Үй-жайлардың аумағында арнайы көліктің кіреберістерге келуіне қолайлы, контейнерлер орналастыратын арнайы алаңдар бөлінеді. Контейнерлер іліп алып тиеу және түсіру үшін арнайы қондырғылармен жабдықталады.
Жеке тұрғын үйлер иелері ҚТҚ жинау үшін көлемі шағындау контейнерлер ұстауға құқылы.
ҚТҚ көшелердің жүретін бөлігіне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерге қарасты аумаққа үйіп, жинауға жол берілмейді.";
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (О.Ю.Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Шормановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ІV сайланған | |
Алматы қаласы мәслихаты | |
ХХІІІ сессиясының төрағасы | Т. Мұқашев |