Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 19.07.2024 жылғы № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" N 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 767 рет санымен 2008 жылғы 25 қаңтарда тіркелген, 2008 жылғы 21 ақпанда "Алматы ақшамы" газетінің 21 нөмірінде, 2008 жылғы 21 ақпанда "Вечерний Алматы" газетінің 24-25 нөмірлерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде:
121 және 143 тармақтарда "міндетті" сөздері "тиісті" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихаты ХI сессиясының | |
төрағасы | Т. Есполов |
IV сайланған Алматы қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Т.Мұқашев |