Ескерту. Тақырыпта және барлық мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздері "ауылдық", "ауылының"сөздеріне ауыстырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 19.04.2016 N 125 бірлескен қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 19.04.2016 N 2/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "М.Жұмабаев" және "Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы" деген сөздер "Мағжан Жұмабаев" және "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан" деген сөздермен ауыстырылды - бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.06.2017 № 242 қаулысымен және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 № 14/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық мәслихаттар мен әкімдіктердің ұсынысы жөніндегі тұрғындар пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Айыртау ауданы Константинов ауылдық округі Аканбурлук ауылының атауын Константинов ауылдық округі Ақанбұрлық ауылы;
- Айыртау ауданы Константинов ауылдық округі Акчок ауылының атауы Константинов ауылдық округі Ақшоқы ауылы;
- Айыртау ауданы Қазан ауылдық округі Бурлукское ауылының атауы Қазан ауылдық округі Бұрлық ауылы;
- Айыртау ауданы Қаратал ауылдық округі Шукурлюк ауылының атауы Қаратал ауылдық округі Шүкірлік ауылы;
- Айыртау ауданы Украин ауылдық округі Бурлук ауылының атауы Украин ауылдық округі Бұрлық ауылы;
- Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі Есперлы ауылының атауы Жамбыл ауылдық округі Есперлі ауылы;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Александров ауылдық округі Альва ауылының атауы Александров ауылдық округі Алуа ауылы;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі Карагандинское ауылының атауы Қарағанды ауылдық округі Қарағанды ауылы;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Майбалық ауылдық округі Сейфуллино ауылының атауы Майбалық ауылдық округі Сейфолла ауылы;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Надеждин ауылдық округі Беняш ауылының атауы Надеждин ауылдық округі Бинаш ауылы;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Узунколь ауылының атауы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылы;
- Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бишкуль ауылының атауы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылы;
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Бірлік ауылдық округі Бирликское ауылының атауы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылы;
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Салқынкөл ауылдық округі Тохты ауылының атауы Салқынкөл ауылдық округі Тоқты ауылы;
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Көгалажар ауылдық округінің атауы Көкалажар ауылдық округі;
- Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Бидайыкское ауылының атауы Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылы;
- Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Аккудук ауылының атауы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылы;
- Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі Курлеут ауылының атауы Қаратерек ауылдық округі Күрлеуіт ауылы болып өзгертілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.09.2010 N 251 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 16.09.2010 N 28/5 біріккен шешімдерімен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Біләлов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |
Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының төрағасы |
Т. Ткаченко |