Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі N 125 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі N 2/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда N 3757 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Булаев ауданы Красное селосының атауын Ноғайбай ауылы деп өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 5/3-156 бірлескен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 149 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосының" деген сөз "ауылының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) орыс тіліндегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң атауын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 159 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 5 маусымдағы № 7/9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 шілдедегі № 1679 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2008 жылғы 16 шілде және "Северный Казахстан" газетінде 2008 жылғы 16 шілде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. "Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту және қайта атау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 264 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қазандағы № 18/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1729 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2009 жылғы 23 қараша және "Северный Казахстан" газетінде 2009 жылғы 23 қараша жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) орыс тіліндегі мәтінде "аул", "аульный", "аульного" деген сөздер тиісінше "село", "сельский", "сельского" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 340 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 1738 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 6 ақпан және "Северный Казахстан" газетінде 2010 жылғы 6 ақпан жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) орыс тіліндегі мәтінде "аул", "аульного" деген сөздер тиісінше "село", "сельского" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен селолық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 251 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 28/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазандағы № 1759 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 26 қазан және "Северный Казахстан" газетінде 2010 жылғы 26 қазан жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) орыс тіліндегі мәтінде "аул", "аульный", "аульного" деген сөздер тиісінше "село", "сельский", "сельского" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы
В. Бубенко
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың IІ сессиясының
төрағасы
А. Рафальский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады