Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тістерін протездеуге 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2009 жылғы 11 қарашадағы N 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қарашада N 13-1-163 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2012 жылғы 31 мамырдағы N 12 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2012.05.31 N 12 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 20 желтоқсандағы Петропавл қалалық мәслихаты 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі кезектен тыс 18 сессиясының № 2 шешімімен, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы 20 сессиясының  № 3 шешімімен, қала әкімі ШЕШТІ:
      1. Петропавл қаласының мына санаттағы азаматтарына тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
      кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
      кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
      2. Әлеуметтік көмек өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, аталған санатқа жататынын растайтын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, тіс протездеудің бағасы туралы шот-фактура негізінде бөлінген бюджет қаражаты шегінде «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатыны;
      әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі беріледі де, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі;
      болат пен пластмассадан тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына кемінде бір рет көрсетілетіні анықталсын;
      осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген, қала аумағында тұрғылықты тұратын және тістерін протездеуге мұқтаж тұлғаларға көрсетіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының
      әкімі                                      Н. Әшімбетов

О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование отдельным категориям граждан города Петропавловска на 2009 год

Решение акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 11 ноября 2009 года N 17. Зарегистрировано Управлением юстиции города Петропавловска Северо-Казахстанской области 18 ноября 2009 года N 13-1-1637 Утратило силу - решением акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 31 мая 2012 года N 12

      Сноска. Утратило силу - решением акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 31.05.2012 N 12

      В соответствии с пунктом 2 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года № 2247 «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», решением внеочередной 18 сессии Петропавловского городского маслихата от 29 июля 2009 года № 2 «О внесении изменений и дополнений в решение 12 сессии Петропавловского городского маслихата от 20 декабря 2008 года № 2 «О бюджете города Петропавловска на 2009 год», решением 20 сессии Петропавловского городского маслихата от 22 октября 2009 года № 3 «О внесении изменений и дополнений в решение 12 сессии Петропавловского городского маслихата от 20 декабря 2008 года № 2 «О бюджете города Петропавловска на 2009 год», аким города РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь на зубопротезирование (далее – социальная помощь) следующим категориям граждан города Петропавловска:
      участникам Великой Отечественной войны;
      инвалидам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны.
      2. Определить, что социальная помощь выплачивается государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска» в пределах выделенных бюджетных ассигновании на основании:
      заявления, копии документа удостоверяющего личность, копии документа, удостоверяющего статус, копии книги регистрации граждан, счет-фактуры о стоимости зубопротезирования;
      документы, необходимые для получения социальной помощи, предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю;
      не более одного раза в год, в размере стоимости зубопротезирования из стали и пластмассы;
      предоставляется лицам, указанным в пункте 1 настоящего решения, постоянно проживающим на территории города и нуждающимся в зубопротезировании.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Балтабаеву Г.К.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации и вводится в действие по истечении десяти календарных дней, после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      города Петропавловска                      Н. Ашимбетов