Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2012.05.31 N 12 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 20 желтоқсандағы Петропавл қалалық мәслихаты 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі кезектен тыс 18 сессиясының № 2 шешімімен, «2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы 20 сессиясының № 3 шешімімен, қала әкімі ШЕШТІ:
1. Петропавл қаласының мына санаттағы азаматтарына тістерін протездеуге әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
2. Әлеуметтік көмек өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, аталған санатқа жататынын растайтын құжаттың көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, тіс протездеудің бағасы туралы шот-фактура негізінде бөлінген бюджет қаражаты шегінде «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатыны;
әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі беріледі де, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі;
болат пен пластмассадан тіс протездеу бағасының мөлшерінде жылына кемінде бір рет көрсетілетіні анықталсын;
осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген, қала аумағында тұрғылықты тұратын және тістерін протездеуге мұқтаж тұлғаларға көрсетіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының
әкімі Н. Әшімбетов