Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011.12.29 N 308 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркейтін Тізілімнің өңірлік бөлімінде № 13-2-98 тіркелген және 2009 жылғы 21 мамырда № 14 «Аққайың» және № 20 «Колос» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
24 жасына дейін жастар;
1 жылдан астам жұмыс істемеген тұлғалар.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Елубаев