Халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін орнату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 62 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 13-2-98 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 308 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011.12.29 N 308 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың ауданының аймағында халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
      - оқу орындарының түлектері;
      - ұйым штатының немесе санының қысқартылуына байланысты босатылатын тұлғалар
      - 24 жасына дейін жастар;
      - 1 жылдан астам жұмыс істемеген тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Аққайың ауданы әкімдігінің 2009.05.22 N 110 Қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалу бақылауы аудан әкімінің орынбасары А.М. Нүркеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Шушамоин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады