Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеуді жүргізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 13-6-133 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2010 жылғы 24 қарашадағы N 18 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2010.11.24 N 18 Шешімімен

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 қаулысының 2-тарауына сәйкес, 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарды және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, дене шынықтыру дайындығының жалпы білім деңгейін анықтау, әскерге шақырылушылардың арналуын алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын және бұрын шақыру учаскесіне тіркелмеген ересек азаматтарды тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Малышев көшесі, 50 мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінің үй-жайында ұйымдастырылсын.
      2. Алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2010.01.12 N 01 Шешімімен
      3. Алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2010.01.12 N 01 Шешімімен
      4. Явленка орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері С.С. Қалиеваға (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскесін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      2) тіркеуге алынатын азаматтарды медициналық куәландыруға дәрігер мамандарды және орташа медицина қызметкерлері белгіленсін.
      5. Селолық округ әкімдеріне:
      1) шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұсынсын;
      2) жинақтау пунктіне тіркелуші тұлғалардың белгіленген уақытта келуін ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       В. Бубенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімнің бастығы                           С. Сүлейменов

      Явленка орталық аудандық ауруханасының
      бас дәрігері                               С. Қалиева

О проведении приписки граждан мужского пола Республики Казахстан 1993 года рождения и старших призывных возрастов, не прошедших ранее приписку к призывному участку отдела по делам обороны Есильского района Северо-Казахстанской области с января по март 2010 года

Решение акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 22 декабря 2009 года N 9. Зарегистрировано Управлением юстиции Есильского района Северо-Казахстанской области 28 декабря 2009 года N 13-6-133. Утратило силу - решением акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2010 года N 18

      Сноска. Утратило силу - решением акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 24.11.2010 N 18

      В соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан от 08 июля 2005 года № 74 «О воинской обязанности и воинской службе», подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», главы 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», в целях принятия граждан мужского пола 1993 года рождения и граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе и состояния здоровья, установление общеобразовательного уровня физической подготовленности, предварительного предназначения призывников, отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения, принимаю РЕШЕНИЕ:
      1. Организовать приписку граждан мужского пола Республики Казахстан 1993 года рождения и старших призывных возрастов, не прошедших ранее приписку в январе-марте 2010 года в помещение призывного участка отдела по делам обороны Есильского района Северо-Казахстанской области, по адресу: с.Явленка, улица Малышева, 50.
      2. исключен решением акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 12.01.2010 N 01
      3. исключен решением акима Есильского района Северо-Казахстанской области от 12.01.2010 N 01
      4. Главному врачу Явленской центральной районной больницы Калиевой С.С. (по согласованию):
      1) обеспечить призывной участок медикаментами, медицинским и хозяйственным имуществом;
      2) назначить врачей-специалистов и лиц среднего медицинского персонала для медицинского освидетельствования граждан, подлежащих приписке.
      5. Акимам сельских округов:
      1) представить в отдел по делам обороны Есильского района списки допризывников, подлежащих приписке к призывным участкам;
      2) организовать и обеспечить в установленные сроки прибытие приписываемых лиц на пункт сбора.
      6. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района М.Т. Мукашева.
      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней с момента первого официального опубликования в средствах массовой информации.

      Аким Есильского района                     В. Бубенко
      СОГЛАСОВАНО:
      Начальник отдела по делам обороны
      Есильского района                          С. Сулейменов
      Главный врач
      Явленской центральной                      С.Калиева
      районной больницы