Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2011.12.02 N 26 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылы туған, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Сабралинға жүктелсін.
3. «Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеуді жүргізу туралы» аудан әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда 13-6-133 нөмірімен тіркелген және аудандық «Ишим» газетінде 2010 жылғы 8 қаңтардағы № 2(8464) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А. Бегманов
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік Сүлейменов
мекемесінің бастығы Сағындық Әбдірахманұлы