"Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеуді жүргізу туралы" Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 01 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қаңтарда N 13-6-135 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы N 02.04.05-05-11/531 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. «Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарын және шақырылу жасынан өткен бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеуді жүргізу туралы» Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде Аймақтық бөлімінде 2009 жылғы 28 желтоқсанда 13-6-133 нөмірімен тіркелген және аудандық «Ишим» газетінде 2010 жылғы 08 қаңтардағы № 2(8464) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған шешімнің 2, 3-тармақтары шығарылып тасталсын.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 В. Бубенко

      КЕЛІСІЛДІ:
      Есіл ауданының қорғаныс істері             Сағындық
      жөніндегі бөлімнің бастығы                 Әбдірахманұлы
                                                 Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады