Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 98 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда N 13-8-102 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 13.03.2013 N 75 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасы5-4) тармақшасына сәйкес ауданның еңбек рыногындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыздандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      1) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (1 жылдан астам);
      4) оқу орындарының түлектері;
      5) мекеменің штаты немесе саны қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.
      2. Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау бойынша шаралармен уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                   Қ. Пшенбаев

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам

Постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 13 апреля 2009 года N 98. Зарегистрировано Управлением юстиции Кызылжарского района Северо-Казахстанской области 8 мая 2009 года N 13-8-102. Утратило силу - постановлением акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 13 марта 2013 года N 75

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 13.03.2013 N 75

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан
«О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, подпунктом 2), подпунктом 5-4)статьи 7 Закона Республики Казахстан «О занятости населения», в целях реализации политики занятости с учетом ситуации на районном рынке труда и обеспечения дополнительных государственных гарантий в сфере занятости акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам:
      1) молодежь в возрасте до двадцати четырех лет;
      2) лица, старше 50 лет;
      3) лица, длительно не работающие (более 1 года).
      4) выпускники учебных заведений;
      5) лица, высвобождаемые в связи с сокращением численности или штата организаций.
      2. Отделу занятости и социальных программ Кызылжарского района своевременно обеспечивать меры по содействию занятости и социальной защите лиц, дополнительно отнесенных к целевым группам.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Байсынова А.И.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней с момента первого официального опубликования.

      Аким района              К. Пшенбаев