Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 13.03.2013 N 75 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасы, 5-4) тармақшасына сәйкес ауданның еңбек рыногындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыздандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
1) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан тұлғалар;
3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (1 жылдан астам);
4) оқу орындарының түлектері;
5) мекеменің штаты немесе саны қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.
2. Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі қосымша мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау бойынша шаралармен уақытында қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ы. Байсыновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев