Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2013.04.15 N 120 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» заңының 7-бабы 5-2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Заңының 31-бабы 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін аудандағы мекеме, ұйым, барлық түрдегі кәсіпорындарға жалпы жұмыс орындары санының үш процент көлемінде квоталы жұмыс орындары бекітілсін.
2. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 29 «Мүгедектер үшін квоталы жұмыс орындарын бекіту және әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа алуға тиіс мекеме, ұйым, кәсіпорындардың тізімін бекіту туралы» қаулысы күшін жойды деп танылсын (мемлекеттік тізбеде 2008 жылғы 11 наурызда № 13-9-69 тіркелді, 2008 жылғы 18 сәуірде № 16 «Вести» газетінде жарияланды).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімінің м.а. Ж. Мұсақұлова