"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарына квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін;
мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 176 "Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін квоталы жұмыс орындарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде № 13-9-96 бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы "Мағжан жұлдызы", "Вести" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 494 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде № 1989 бойынша тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсандағы "Мағжан жұлдызы", "Вести" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі | В. Бубенко |