Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін квоталы жұмыс орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 176 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 13-9-96 тіркелді. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірде N 120 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2013.04.15 N 120 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» заңының 7-бабы 5-2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Заңының 31-бабы 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін аудандағы мекеме, ұйым, барлық түрдегі кәсіпорындарға жалпы жұмыс орындары санының үш процент көлемінде квоталы жұмыс орындары бекітілсін.
      2. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 29 «Мүгедектер үшін квоталы жұмыс орындарын бекіту және әлеуметтік қорғауды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа алуға тиіс мекеме, ұйым, кәсіпорындардың тізімін бекіту туралы» қаулысы күшін жойды деп танылсын (мемлекеттік тізбеде 2008 жылғы 11 наурызда № 13-9-69 тіркелді, 2008 жылғы 18 сәуірде № 16 «Вести» газетінде жарияланды).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімінің м.а.                        Ж. Мұсақұлова           

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады