Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-08-02-02/828 хаты)
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 2 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізбесінің Солтүстік Қазақстан аймақтық бөлімінде 2009 жылы 20 қаңтарда № 13-10-74 тіркелген, «Знамя труда» газетінде 2009 жылы 23 қаңтарда басылған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында «азаматтардың» сөзінен кейін «ер жынысы» сөздерімен толықтырылсын;
1 тармақта:
«азаматтардың» сөздерінен кейін «ер жынысы» сөздерімен толықтырылсын;
«алдында тіркеуді өтпеген» сөздерінен кейін (әрі қарай-азаматтар)» сөздерімен толықтырылсын;
3 тармақта:
«бөліміне» сөзі «бөлімге ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын;
«қорғаныс» сөзінен кейін «(келісім бойынша)» сөздерімен толықтырылсын;
7 тармақта «бастығына» сөзі «бастығына ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын;
11 тармақта:
«бастығына» сөзі «бастығына ұсынылсын» сөздерімен ауыстырылсын;
«С.Ә.Сүлейменовке» сөздерінен кейін «(келісім бойынша)» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Қ.Мамашәріповке жүктелсін.
3. Қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Нұғыманов