1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың ер жынысы әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 2 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 13-10-74 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02-08-02-02/828 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-08-02-02/828 хаты)

       Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға әскери есеп жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылдың қаңтары-наурызында 1992 жылы туған, тіркеу жылы 17 жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген (әрі қарай-азаматтар) ересек жастағы ер азаматтардың ер жынысы әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізілсін
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2009.01.28 N 11 қаулысымен
      2. Азаматтардың әскерге шақырту учаскесінде тіркеуін жүргізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
      комиссия төрағасы – қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісім бойынша);
      комиссия төрағасының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары;
      комиссия мүшелері:
      аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      аудандық орталық емхананың бас дәрігері–медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
      комиссия хатшысы.
      3. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге: шақырту бөліміне шақырту пунктіне бөлме бөлсін және қажет температуралық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын;
      4. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға (келісім бойынша):
      -медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, медициналық персоналмен жинақтасын;
      -тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның құрамын емхана бойынша бұйрықпен бекітсін;
      -шақырту пунктін қажет дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
      5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Г.Коробковаға (келісім бойынша)медициналық қызмет көрсетуді және айқындалған ауруларды емдеу және стационарлық тексеру үшін қажет кереует орындарының санын бөлуді қамтамасыз етсін.
      6. Қаржы бөлімінің бастығы А.П.Яковенкоға 2009 жылға аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған сомаға сәйкес азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуіне шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      7. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеу мерзімінде ішкі істер бөлімінің бастығына ұсынылсын Т.М.Туғанбаевқа:
      1) азаматтарды тіркеу мезгілінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдауды қамтамасыз етсін, осы мерзімге полиция қызметкерін бөлсін;
      2) Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстауды және іздестіруді іске асырсын.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2009.01.28 N 11 қаулысымен
      8. Селолық округтердің әкімдеріне:
      1) полицияның учаскелік инспекторларымен бірге азаматтардың шақырту учаскесіне жүз пайыз келуін қамтамасыз етсін;
      2) алыс жерде тұратын әскерге дейін шақырылатындарды әскерге тіркеу комиссиясына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және тұратын жеріне осы жұмысқа жауапты тұлғаның жетекшілігімен кері жеткізуді қамтамасыз етсін.
      9. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Қ.С.Бақтыбаевқа осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
      Тіркеуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 3 бірлік санымен техникалық жұмысшыларды (іс жүргізушілерді) жұмысқа қабылдасын. Осы қаулының 10 тармағында, 8 тармағы 2 тармақшасында нұсқалған іс-шаралар үшін көлікті жалдауды жүргізсін.
      10. Тіркеуді өткізу комиссиясы «Мамлют ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жүргізілсін.
      11. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына ұсынылсынС.Ә.Сүлейменовке (келісім бойынша), әскерге шақырылушы азаматтардың тіркеуін ұйымдастыра және сапалы қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінде жалға берілген автокөлікті пайдалансын.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2009.01.28 N 11 қаулысымен
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б.Бәкеевке жүктелсін.
      13. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң заңды күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                      Б.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады