Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-08-02-02/828 хаты)
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өздігінен басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 2 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізбесінің Солтүстік Қазақстан аймақтық бөлімінде 2009 жылы 20 қаңтарда № 13-10-74 тіркелген, «Знамя труда» газетінде 2009 жылы 23 қаңтарда басылған), аудан әкімдігінің «1992 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы» 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға (мемлекеттік тіркеу тізбесінің Солтүстік Қазақстан аймақтық бөлімінде 2009 жылы 28 қаңтарда № 13-10-75 тіркелген, «Знамя труда» газетінде 2009 жылы 6 ақпанда басылған) төмендегі толықтырулар енгізілсін:
преамбулада:
«Жергілікті басқару туралы» сөздерінен кейін «және өздігінен басқару туралы» сөздерімен толықтырылсын;
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» сөздерінен «прокурордың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 10в/09 наразылығы негізінде» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.Қ.Мамашәріповке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші рет жарияланған күннен бастап он күн өткен соң заңды қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Нұғыманов