Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)
Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, 23-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарының 2009 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын өткізу туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтардың әскери қызметке шақыртуын ұйымдастыру және жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне әскерге шақырудан қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегізден бастап жиырма жеті жасқа дейінгі, сонымен қатар жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жедел әскери қызметке шақырылсын.
2. Әскерге шақыртуды жүргізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Әскерге шақырту комиссиясының
төрағасы «Мамлют ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Дүйсекин Аманкелді Еркебұланұлы
Әскерге шақырту комиссиясы
төрағасының орынбасары Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер
жөніндегі орынбасары
Бәкеев Серік Болатұлы
Комиссия мүшелері: «Мамлют ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекеме бастығының тәрбие
және кадрлар жұмысы жөніндегі
орынбасары (келісім бойынша)
Күлбаев Ержан Молдабекұлы
Медициналық комиссия
төрайымы аудандық орталық емхананың бас
дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік
жұмыс жөніндегі орынбасары,медициналық
комиссия төрайымы (келісім бойынша)
Кузина Тамара Ивановна
Әскерге шақырту комиссиясының
хатшысы аудандық емхананың медбибісі, комиссия
хатшысы Токарева Елена Петровна
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық әкімдігінің 2009.08.21 N 175 Қаулысымен
3. Әскерге шақырту комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Селолық округтердің әкімдері медициналық және әскерге шақырту комиссиясын және әскери қызметті өту үшін азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға (келісім бойынша) медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен жинақтасын;
әскерге шақыру пунктін қажет дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
6. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Г. Коробковаға (келісім бойынша) медициналық қызмет көрсетуді және айқындалған ауруларды емдеу және стационарлық тексеру үшін қажет орындар санын бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Мамлют ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Т.М. Туғанбаевқа (келісім бойынша):
әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстауды және әскерге тіркеуге келуін іске асырсын;
әскерге шақырту комиссиясының жұмысы және әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне жіберу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
8. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.И. Пояркинге әскерге шақыру және азаматтарды мерзімді әскери қызметке жөнелту кезінде әскерге шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, әскер-интернационалистермен кездесулерін, әскери патриоттық тақырыпқа көркемөнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін өткізуді ұйымдастырсын.
9. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы В.В. Мищенкоға әскерге шақыру пунктінде спорттық көпшілік іс-шараларды өткізуді және азаматтардың дене дайындығын тексеруді ұйымдастырсын.
10. Қаржы бөлімінің бастығы А.П. Яковенкоға жергілікті бюджет есебінде осы мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде азаматтарды әскерге шақырту іс-шараларына шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
11. Аудан әкімінің аппараты басшысы С.Қ. Мамашәріповке әскерге шақыру пунктін қажет қызмет персоналмен және техникалық жұмысшылармен қамтамасыз етсін;
жедел әскери қызметке шақырылғандарды облыстық жинау пунктіне жеткізу үшін автокөлікпен қамтамасыз етсін.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
13. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 7 сәуірдегі № 60
қаулысына қосымша
1982-1991 жылы туған азаматтардың әскерге шақыруын жүргізу кестесі
№ |
Селолық округтердің атауы |
әскерге шақырылу шылар барлығы |
Анализдерді тапсыру мерзімдері |
|||||||
10.04 |
13.04 |
14.04 |
15.04 |
16.04 |
17.04 |
20.04 |
21.04 |
|||
1 |
Андреев |
13 |
13 |
|||||||
2 |
Белое |
22 |
22 |
|||||||
3 |
Воскресенов |
23 |
23 |
|||||||
4 |
Дубровное |
31 |
31 |
|||||||
5 |
Қызыл-әскер |
12 |
12 |
|||||||
6 |
Краснознамен |
24 |
24 |
|||||||
7 |
Ленин |
14 |
14 |
|||||||
8 |
Леденев |
12 |
12 |
|||||||
9 |
Мамлют қ. |
75 |
37 |
31 |
7 |
|||||
10 |
Новомихайлов |
38 |
38 |
|||||||
11 |
Пригород |
18 |
18 |
|||||||
12 |
Становое |
23 |
23 |
|||||||
Әскерге шақырту комиссиясына келгені |
305 |
50 |
43 |
37 |
19 |
38 |
41 |
31 |
46 |