«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына, Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын пайдалану Ережелерінің 67 тармағына және жылу энергиясын тұтыну нормаларын анықтау үшін ұсынылған есептеулерге сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тайынша қаласының тұрғын үйлердің тұтынуы үшін бір шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясын тұтыну нормасы бекітілсін:
1) «Тайынша» шаруашылығын жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша жылына 0,3050 гекокалорий мөлшерінде;
2) «Тайынша Жылу» шаруашылығын жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша жылына 0,193 гекокалорий мөлшерінде.
2. «2007-2008 жылдардағы жағып жылыту кезеңіне тұрғын үй ғимараты жалпы алаңының бір шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясының жұмсалу нормасын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 33 қаулысы жойылсын (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2008 жылғы 4 наурызда № 13-11-95 тіркелді, 2008 жылғы 30 мамырдағы «Тайыншинские вести», 2008 жылғы 30 мамырдағы «Тайынша таңы» газеттерінде жарияланған).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | И. Турков |