2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын Шал ақын ауданының аумағында тұратын, қосымша тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 104 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 13-14-77 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 356 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012.11.27 N 356 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабы 2-тармақшасына, 5-бабына сәйкес, «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шал ақын ауданының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын (қосымшаға сәйкес) 2009 жылға арналған қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін.
      2. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда жәрдемдесу бойынша шаралар қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                     А. Әмрин

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 мамырдағы № 104
қаулысына қосымша

2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. Орта арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері;
      2. Ұйым штатының немесе сандарының қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.

Об установлении дополнительного перечня лиц, проживающих на территории района Шал акына, относящихся к целевым группам населения на 2009 год

Постановление акимата района Шал акын Северо-Казахстанской области от 13 мая 2009 года N 104. Зарегистрировано Управлением юстиции района Шал акына Северо-Казахстанской области 11 июня 2009 года N 13-14-77. Утратило силу - постановлением акимата района Шал акын Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2012 года N 356

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата района Шал акын Северо-Казахстанской области от 27.11.2012 N 356

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» в целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264 «О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию», акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, проживающих на территории района Шал акына, относящихся к целевым группам населения на 2009 год (согласно приложению).
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ района Шал акына» предусмотреть меры по содействию занятости и социальной защите лиц, относящихся к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Жаксыбаева М.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечение десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Амрин

Приложение
к постановлению акимата района
от 13 мая 2009 года № 104

Дополнительный перечень лиц,
относящихся к целевым группам населения на 2009 год

      1. Выпускники средних специальных и высших учебных заведений;
      2. Лица высвобождаемые в связи с сокращением численности или штата организаций.