Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012.11.27 N 356 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабы 2-тармақшасына, 5-бабына сәйкес, «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шал ақын ауданының аумағында тұратын халықтың мақсатты топтарына жататын (қосымшаға сәйкес) 2009 жылға арналған қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін.
2. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауда жәрдемдесу бойынша шаралар қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі А. Әмрин
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 мамырдағы № 104
қаулысына қосымша
2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
1. Орта арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері;
2. Ұйым штатының немесе сандарының қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.