Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 119-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдері жойылсын.
5. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының төрағасы |
А. Есенжанов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Ж. Дүйсенғалиев |
Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV шешімімен бекітілді |
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы"
атағын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен облыс (қала, аудан) алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.
Сондай-ақ, "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Атырау облысының (қаланың, ауданның) тарихында сақтау болып табылады.
2. Атақ беру жөніндегі талаптар
2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Атырау облысымен (қаласымен, ауданымен) байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;
2) өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
3) халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;
4) облыс (қала, аудан) халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;
5) қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
6) ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;
7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;
8) отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.
2-1. Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін.
Ескерту. 2-1 тармағымен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 381-IV шешімімен.3. Атақ беру тәртібі
3. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.
4. Ұсынылған үміткерлердің:
1) облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы;
2) өмірбаяндық мәліметі;
3) ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.
5. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.
6. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың сессиясында қаралады.
7. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілуі мүмкін емес.
8. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
9. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
10. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы берілген тұлға "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" ерекше белгісімен марапатталады.
11. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасы мен облыс (қала, аудан) әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 27.09.2024 № 119-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.
Ескерту. 11-1 тармағымен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 250-IV шешімімен.12. Құрметті азаматтың есімі облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары кітабына жазылады.
13. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен қала, кент, ауыл көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
Ескерту. 14 тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 11.07.2014 № 299-V шешімімен.15. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.
16. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға мерейтой күндеріне, мемлекеттік және өзге де ресми мерекелерге арналған ресми іс-шараларға қатысуға құқылы.
17. "Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына ие болған тұлға, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін берілген тұлғалардың отбасылары куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Ескерту. 17 тармағы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 12.03.2010 № 250-IV шешімімен.4. Атақтан айыру және қалпына келтіру
18. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағынан айыру облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен мына жағдайларда:
1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
2) атақ иесі "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын ұятқа қалдыратын теріс қылық жасағанда жүргізілуі мүмкін.
19. Заңсыз сотталған және кейін сот толық ақтаған тұлғалардың "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы қалпына келтіріледі.
Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV шешіміне 1 қосымша |
Атырау облыстық мәслихатының жойылатын шешімдері:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы шешімі;
2. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 3 шілдедегі N 239-ІV "Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV шешіміне 2 қосымша |
Атырау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылатын шешімдері:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2000 жылғы 28 тамыздағы N 76-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 719) тіркелді.
2. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 11 шілдедегі N 133-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағы туралы ережесіне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 720) тіркелді.
3. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 қазандағы N 148-ІІ "Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 721) тіркелді.