Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 , "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 , "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 335 қаулысына, сондай-ақ "Учаскелік комиссиялардың ережесін келісу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 15-205/IV шешіміне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1926 тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2006 жылғы 28 қаңтарда жарияланған, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 32 қаулысымен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1950 тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2007 жылғы 3 наурызда, N 35-36 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін (қоса тіркеледі)".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мырзахметов
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Оспанов
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б. Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Е. Айтаханов
Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары У. Қайназаров
Облыстық қаржы басқармасының бастығы И. Шалабаев
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 141 қаулысымен бекітілген
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға
арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші
учаскелік комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 5-бабы 3-тармағына , "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы орган;
учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) көрсету және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссиялардың негізгі функцияларына:
1) атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);
2) тексеру жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде тиісті органдарға сұрау салу;
3) атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш берушінің) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны берудің қажеттілігі, немесе оның жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
8. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.
9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмайды.
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
11. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
12. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
13. Комиссия уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
16. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
17. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.