"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 26 қаңтарда N 1926 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63-ІІІ Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулыларына, сондай-ақ "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялардың Ережесін келісу туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 21/233-III шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін (қоса тіркеледі).
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.04.24 N 141 (Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде учаскелік комиссиялар құрсын және олардың қызметіне басшылықты қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың бланкілерін тегін беруді және куәландыруды қамтамасыз етсін;
      2-1) өтініш берушілерге он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған белгіленген үлгідегі өтініш пен басқа да құжаттар бланкілерінің тегін берілуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту: шешім 2-1 тармақшамен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 32 қаулысымен.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген адамның отбасы құрамы және балаларға арналған жәрдемақы алуға жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшері туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті орган ретінде ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері, қалалық жерде - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері белгіленсін.
      4. Уәкілетті органның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің нысаны (3 қосымша) бекітілсін.
      5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (Ж.Мәуленқұлов) облыс аудандары мен қалаларында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етсін.
      6. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстың қаржы департаменті (И.Шалабаев) мұқтаж отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету және балаларға арналған жәрдемақыны толық көлемде беру және бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау жөнінен тиісті шаралар қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Байзатовқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 қаңтардағы
N 40 қаулысына N 1 қосымша

      Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға
арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші
учаскелік комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 5-бабы 3-тармағына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы орган;
      учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
      3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) көрсету және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
      6. Комиссиялардың негізгі функцияларына:
      1) атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);
      2) тексеру жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде тиісті органдарға сұрау салу;
      3) атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны алуға өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш берушінің) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
      4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны берудің қажеттілігі, немесе оның жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

      3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
      8. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.
      9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.
      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмайды.
      10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
      11. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      12. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
      13. Комиссия уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
      14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
      15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
      16. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
      17. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

                                                                                      Облыс әкімдігінің
      2006 жылғы 24 қаңтардағы
      N 40 қаулысына N 2 қосымша

     ____________________ учаскелік комиссиясының
     (әкімшілік бірлік)    атаулы әлеуметтік көмек берудің
   қажеттілігі туралы 200_ жылдың __тоқсанына қорытындысы

Р/с

үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және отбасының
мекен-жайы

Отбасы
құрамы

Ата-анасы туралы
мәлімет

Балалары туралы мәлімет

Бостан-
дығынан айырылған, күшпен емдеуде, іздеуде, жедел әскер қызметінде т.б.

Саны

3 жасқа
дейін

7 жасқа
дейін

18 жасқа дейін

18
жастан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

Балалары туралы мәлімет

Отбасындағы мүгедектер, зейнеткерлер жайлы мәлімет

Оқу жасындағы балалар


Толық мемлекеттің қамқорлығында

оқу орындарында, оның ішінде коммерциялық топта

Жұмыспен қамтылғандар

1. мүгедек саны
2. зейнеткерлер саны
3. 80 жастан асқан
адамдардың саны
4. біреудің көмегін қажет ететін адамдар саны

9

10

11

12

Отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы (жұмыс түрін көрсету керек)

Қосалқы шаруашылық қолда бары

Жер үлесі

1. жолдамалы жұмыспен айналысатындар
2. жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар
3. кәсіпкерлікпен
айналысатындар
4. өздігінше жұмыспен қамтылғандар
5. басқалары

1. автокөлік
2. үй іргелікте (өсірілетін дақыл түрлерін көрсету)
3. мал
4. құс
5. басқалар

1. өңделетін
(өсірілетін дақыл түрлерін көрсету)
2. өңделмейтін

13

14

15

Ай сайын алынатын кірістер

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендеуіне әсер ететін ерекше жағдай

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі

1. жалақы
2. зейнетақы
3. жәрдемақы
4. стипендия
5. өтемақы
6. алимент

1. кәсіпкерлік қызметтен
2. мүліктен
3. қосалқы шаруашылықтан
4. жеке қызметінен

1. ақшалай және табиғи түрдегі ұтыс
2. дивидендтер
3. ссуда
4. басқалар

1. мұқтаж емес
2. мұқтаж (қабылдаған қорытындысына негіздемесінің көрсетілуі)

16

17

18

19

20

Учаскелік комиссияның төрағасы  (қолы)  (АӘТ)

Уәкілетті орган шешімінің нысаны

Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 қаңтардағы
N 40 қаулысына N 3 қосымша

2006 ж. "______" ________ уәкілеті органның атауы
       шешім қабылданған күні

         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
      жөніндегі шешім

__________ ж. "____" N _______

Отбасының тіркеу N ________ Өтініш берілген күні/Нөмірі: _____/____
      Т.А.Ә.: _____________________________________________________
      Туылған күні: _______________ӘЖК: ____________ СТН:__________
Мекен жайы (деректі): _____________________________________________
Отбасыдағы адам саны: _____________________________________________ -------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 II Заңының
2, 7 баптарына сәйкес Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасына
............ адамға тағайындалсын.
Атаулы әлеуметтік көмектің төленуге арналған мөлшері:
_________ ден ______________дейін
тағайындау кезеңі
Сомасы: ___________________________________________________________
                           цифрмен және жазумен
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған есеп-------------------------------------------------------------------
      ____жылдың ______тоқсанындағы отбасының табысы-------------------------------------------------------------------

Табыстың түрлері                             Табыстың сомасы,теңге
1.____________________________________       _________________теңге
2.____________________________________       _________________теңге
3.____________________________________       _________________теңге

-------------------------------------------------------------------

Отбасының ____ жылдың _____тоқсанындағы жиынтық табысы _______теңге
Отбасының орташа айлық табысы:                         _______теңге
Табыстың есептеуге енгені, адам: ____________
Отбасының бір айдағы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы
________ теңге
Кедейлік шегі: _______________теңге
Кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орта табыстың айырмашылығы:
_______________теңге ----------------------------------------------
АӘК айлар бойынша тағайындалуы:

Айы

Есебі

Жөнделуі

Соманың дөңгелектенуі

Жалпы тағайындалғаны

адам

сомасы

1.






2.






3.






  Тағайындалған адам саны: _____________ адам
Шешім бойынша отбасына тағайындалған АӘК-тің көлемі: _____мың теңге

Уәкілетті органның басшысы ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Бөлім бастығы              ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Бас маман                  ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Жетекші маман              ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады