Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 28/241-6с (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/328-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес, қызметiн Шымкент қаласының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелері белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/328-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылдың 14 сәуірдегі N 9/81-4с шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-76 тіркелген, 2008 жылдың 13 мамырдағы "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) 2009 жылғы 1 қаңтарынан күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Л.Бектұров |
Қалалық мәслихат хатшысы | Н.Джарболов |
Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/183-4с шешіміне қосымша |
Қызметін Шымкент қаласының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымшада "ставкалары", "ставкасы" деген сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/328-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Рет |
Салық салу объектісінің |
Айлық тіркелген салық мөлшерлемесі |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 18 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 4 |
4. | Ойын жолы | 25 |
5. | Карт | 12 |
6. | Бильярд үстелі | 12 |