"Бiрыңғай тiркелген салық ставкалары туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/183-4с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/328-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 сәуірде № 3165 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/241-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 28/241-6с (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/183-4с "Бiрыңғай тiркелген салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-92 тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелері туралы";

      шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес, қызметiн Шымкент қаласының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелері белгiленсiн.";

      Көрсетілген шешімнің қосымшасында "ставкалары", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат
      хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады