Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы

Күшін жойған

ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/81-4С шешімі. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 27 мамырда N 14-1-76 тіркелді. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/183-4с Шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/183-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 23 қазанындағы N 1016 "Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, қызметін Шымкент қаласының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары белгіленсін.

      2. "Ойын бизнесі объектілеріне арналған акциздер және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылдың 24 наурызындағы N 27/242-3с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-1-28 тіркелген, 2006 жылдың 14 сәуірінде "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Шымкент қалалық мәслихатының
2008 жылғы 14 сәуірдегі
N 9/81-4с шешіміне қосымша

Қызметін Шымкент қаласының аумағында
жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары

N

Салық салу объектісінің
атауы

Жылдық тіркелген
жиынтық салық
ставкасы (АЕК)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

140

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге  арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

210

3.

Ойын өткізу үшін  пайдаланылатын жеке   компьютер

50

4.

Ойын жолы

1000

5.

Карт

150

6.

Бильярд үстелі

173

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады