«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 343 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2469, «Дидар» газетінің 2008 жылғы 26 қаңтардағы № 11 (15920) санында, «Рудный Алтай» газетінің 2008 жылғы 26 қаңтардағы № 11 (18446) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ереже мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Қосымша талаптар
41-1. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға берілген реттік нөмірлер жөніндегі деректер «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі деректер қорында міндетті тіркелуге жатады.
41.2. Меншік иесі дербес пайдалануға қабылдаған объектілерге:
уақытша құрылыстарға, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларға;
жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелерiндегi құрылыстарға, үй жанындағы немесе үй iргесiндегi (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiне;
саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларға;
шағын сәулеттiк нысандар және аумақтардың қоршауына;
үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлары, тас төсенiштерiне реттік нөмірлер берілмейді.
41-3. Осы Ереженің 41-2 тармақшасында көрсетілген объектілердің жеке реттік нөмірі болмайды, бірақ анықтамада тұрақты реттік нөмірі бар жақын орналасқан объектіге қатысты олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
41-4. Тиісті бақ қоғамдарын құрайтын бақ және саяжай (бақша) учаскелеріне, көлікжай кооперативтерінің, қоғамдарының құрамына енетін көлікжайларға осы қоғамдардың, коперативтердің басқару органының шешімімен әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда, аталған объектілерге жеке нөмірлер беруді сәулет органы жүзеге асырады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |